Home » "Коммунист Казахстана", № 27//19.07.2013 » Депутат ауыл тынысымен танысты

Депутат ауыл тынысымен танысты

2013 жылдың шілде айының 9 жұлдызында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халықтық коммунистер» фракциясының мүшесі – Борис Владимирович Сорокин Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Родина ауылдық округіне депутаттық жұмыс сапарымен барды. Сапардың басты мақсаты: бюджеттен бөлінген қаржының тиімді пайдаланылып жатқандығына көз жеткізу.

Родина  ауылдық округіне келген бетте Мәжіліс депутатын ауылдық округтің әкімі – Ләззат Конарбаева қарсы алып,  жумыс сапарын жаңадан  ашылған хоккей кортынан бастады. Ауыл әкімі хоккей корты туралы: «Бұл хоккей корты – өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына өте пайдалы. Біздің ауылдық округке қарасты Зеленый Гай, Садовый ауылдарынан да балалар келіп спортпен шұғылданады. Өзіміздің Агро-фирмамыздың хоккей командасы бар. Біз әр түрлі жарыстар өткізіп тұрамыз»- деді. Одан кейін Ләззат ханым депутатқа қайта жөндеу жүргізіліп жатқан бала-бақшаны көрсетіп, осы мақсатта бюджеттен 90 млн қаржы бөлінгенін хабардар етті. «№33 Родина орта мектебінің» тыныс-тіршілігімен танысып, мектепте жазғы маусымдық лагерьдегі балдырғандардың және жазғы көгалдандыру жұмысына ат салысып жатқан  оқушылардың хал жағдайларын сұрап, мектепті бітірген соң «Болашақ» бағдарламасы негізінде шет елдерде оқып жатқан жастар туралы құлағдар болған халық қалаулысы, мектептің мұражайына кіріп естелік кітапшаға қолтаңбасын қалдырып, жастардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасап отырған мектеп әкімшілігіне ризашылығын білдірді.

Келесі бағытта депутат қарттарға арнап салынған «Ардагерлер үйінде» және «Еңбекпен қамту – 2020» бағдарламасы негізінде мемлекеттен еңбекпен қамту орталығы арқылы  бөлінген  қаржының көмегімен салынып жатқан тұрғын үй алаңында болды. Ауыл әкімі Л.А.Конарбаеваның  айтуынша, бұл үйлер мемлекеттен бөлінген қаржыға салынып жатыр. АФ директоры Иван Сауэр өз тарапынан мемлекеттен бөлінген қаржы сомасынан бөлек қаржы  қосады және салынып болған соң бұл үйлер аудан бюджетіне беріледі. Ауыл әкімі болашақта «Қолжетімді баспана» бағдарламасы негізінде 2 қабатты үйлер салу  жоспарда бар екендігін айта кетті. Жұмыс сапары барысында депутат қаламызды сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған ең жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған «Родина сүт зауытының» жұмысымен танысты. Родина ауылының тағы бір таң қалдырарлық жаңа технологиялық жетістіктерінің бірі, ол жел көмегімен жұмыс істейтін алып электр станциясы. Жақсы жел көтерілген кезде бұл станция АФ-ның өндірістік шығындарының 80% жабады екен.  Жұмыс сапар соңында Мәжіліс депутаты Борис Владимирович Сорокин Родина Агро-фирмасының басшылығына, ауылдық округ әкіміне еліміздегі жаңа заманауи технологияны пайдалану арқылы көп салалы ауылшарушылығын қалыптастыруды дамытудағы еңбектеріне табысты жеміс тіледі. Тиісінше, ауыл әкімі Ләззат Конарбаева депутатқа алғысын білдірді.

 

                ҚКХП-ның Астана қалалық комитеті

баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика