Home » СМИ о КНПК » Депутат бала күтімі жәрдемақысын үш жасқа дейін төлеуді ұсынды

Депутат бала күтімі жәрдемақысын үш жасқа дейін төлеуді ұсынды

Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоныров депутаттық сауал жолдай отырып, бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу мерзімін үш жасқа дейін ұлғайтуды ұсынды.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды. “БҰҰ сарапшылары Қазақстанды жедел қартайып келе жатқан елдердің қатарына жатқызуда. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай елдегі қарт адамдардың үлесі 25%-ға дейін артпақ. Қазақстан сияқты халқы бар ел үшін бұл демографиялық апат”, – деді Қоңыров.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде республикада қиын жағдай қалыптасып отыр, бала сүйгісі келмейтіндердің қатары көбейген, ал босанғандары соған шүкіршілік етеді немесе баласын тағдыр тәлкегіне тастайды.
“Жыл сайын республикада тастанды балалардың саны 10 мыңға дейін артуда. Менің депутаттық сауалыма балалы болуды жоспарлап жүрген немесе ана атанып үлгерген өзін өзі жұмыспен қамтушы және жұмыссыз әйелдердің үндеуі себеп болып отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда бала туу бойынша бір реттік жәрдемақы 48 540 теңгені құрайды. Егер республика бойынша орташа жалақымен жұмыс істейтін әйелдер үшін ай сайынғы төлем 37-45 мың теңгені құраса, жұмыс істемейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтитын әйелдер бір жылға дейін бала күтіміне 8 899 теңге көлемінде жәрдемақы алады. Мұндай табысқа өмір сүріп, бала өсіру мүмкін емес”, – деп хабарлады Қоңыров.
Оның сөзіне қарағанда, аталған проблема заң бойынша әйелдер бала күтіміне байланысты 3 жылға дейін еңбек демалысын алуға болатынын ескерген жағдайда қайшылықты күшейте түседі, алайда барлық төлемдер мен жәрдекақылар тек бір жылға арналған.
“Елімізде бір жастағы баланы ешқайда балабақшаға бере алмайсыз, оның үстіне балабақша тапшылығы сезілуде. Сәйкесінше, осы екі жылда бала күтіміне байланысты әйелдердің басым бөлігі табыссыз қалады”, – деп нақтылады мәжілісмен. “Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, бүгінде Қазақстан өзін бай мемлекет ретінде көрсетуде. Біздің отандастарымыздың мәселесіне назар аудартуды азаматтық парызым деп білемін, төлемдер тәртібін қайта қарап, бала күтіміне байланысты жәрдемақы көлемін орташа жалақы көлеміне дейін көбейтуіңізді және жәрдемақы төлеу мерзімін 3 жылға дейін ұлғайтуыңызды сұраймын”, – деді Қоңыров.

Яндекс.Метрика