Home » "Коммунист Казахстана" » Депутат көмегі

Депутат көмегі

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген халық даналығы. Ауданымызда тың бастамалардың басында жүретін айтулы азаматтар баршылық. Соның бірі Қазақстан Коммунистік Халық партиясы атынан аудандық мәслихатқа депутат болып сайланған Алмат Балшамбаев.

Депутат көркейту-көгалдандыру айлығы барысында сайлаушыларының өтініш-тілегін ескеріп, «Аралтұз» көшесіндегі 10-15 жылдан бері үйілген күл-қоқысты тазалап берді. Өз қолымыздан келмеген соң сайлаған депутатымызға ұсыныс айтқанымызда, ол сөзге келместен 30 машина қоқысты көшемізден сыртқа тасуға көмектесті. Барлық техника толемдерін, жанар-жағар майларын өз қалтасынан өтеген депутаттың азаматтығына шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Көше тұрғындарының атынан: А.Қосанова, көп балалы ана
«Толқын», Арал аудандық газеті

Яндекс.Метрика