Home » Павлодарский обком, Партийная жизнь » Депутатпен кездесу

Депутатпен кездесу

Павлодар қаласында 14 қаңтар күні Парламент Мәжілісі депутаты Т.Қ.Өмірзақовпен ҚХКП облыс қалалары мен аудан, ауыл аймақтары ұйымдары хатшылары мен облыс комитеті мүшелерінің кездесуі болып өтті.

Тұрсынбек Қазенұлы Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауына қатысты кең ауқымды әңгіме барысында, Компартия депутаттарының жасап жатқан қызметтері туралы да хабардар етті. Біздің партия депуттаттарының көтерген мәселелерінің бірі әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзарту туралы ұсынысқа өздерінің қарсы дәлелдерін айтып еліміздің экономикасының арта түсуіне басқа жолдарды қарастыру керектігі туралы ұсынысын халық қолдады деп нық сеніммен айта аламыз, деп түйіндеді, депутат өз сөзін.

Кездесуге қатысқан Екібастұз қалалық ҚХКП хатшысы мен комитет мүшелері өз ойларын, талап-тілектерін де айтты. Оның ішіндегі ең маңыздыларын атап айтар болсақ: жұмыссыз жүрген білімді жастардың жұмысқа орналасуы мен олардың баспана мәселелерін шешу жергілікті жердегі басшылардың қолынан келетін бір жай, ол Екібастұз қаласының ірі-ірі кәсіпорындарында зейнетке шыққан басшылар мен басқа да маман иелерін құрметті демалысқа шығарып салып, жастарға орын беру, осы мәселені шешудің бір жолы болып табылатынын атап көрсетті. Екінші ұсыныс ол, партия қатарына жастарды көптеп тарту, мемлекеттік тілді басқа да шетел тілдерін білетін жастар, жұмыстың жандануына, жаңа қарым-қатынастарға, халық игілігіне қызмет істеуге өз септіктерін тигізеді, деп сенуге болады, деген пікір де орынды деп айтуға болады.

Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің

баспасөз орталығы

Яндекс.Метрика