Home » Атырауский обком » Депутаттар Аққыстау жұртшылығымен кездесті

Депутаттар Аққыстау жұртшылығымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мүшесі Тұрсынбек Өмірзақов Қазенұлы  облыстық ауруханасының   тәжірибелі мамандарымен жүздескеннен кейін, Исатай ауданы Аққыстау селосының жұртшылығымен кездесуге  жол тартты. Ауыл тұрғындарымен тікелей жүздесуге Асхат Бекенов Сахибеденұлы «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Ақ жол» партиясының мүшесі Рысқалиев Аманжан Саулебайұлы және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің екінші хатшысы бастаған Жұмажан Үмбетжанов Серікбайұлы мен партияның  үшінші хатшысы Элеонора Жұмағазы Құспанғалиқызы бастан аяқ қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы ел экономикасы жайында әңгіме қозғалды. Елдегі  стратегиялық мәселелерге тоқталды. Парламентке биыл кірген үш партияның жұмысы алға қарай жүріп келе жатырғандығы туралы да айтылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына да қысқаша тоқталып өтті. Қазақстан  Коммунистік Халық партиясы халықтың елдің қамын ойлап, елдің проблемаларын шешіп солардың жақсаруына белсенді жұмыс атқарып келе жатырған партияның бірі. Парламентте заңдардың көпшілігі қабылданып жатыр. Кездесудің барысында жер мәселесі, жемқорлыққа қарсы күрес жайында айтылды. Коммунистер Ауыл шаруашылығының көркеюі, ауыл халқының тұрмыс тіршілігінің жақсаруы, ауылдағы кәсіпорындардың дамуы  біздің партияның басты мақсатына айналып отыр. Қаладан тұрғын үй мәселесінің несие алу жағдайына тоқталып, үкіметтен жағдай жасалуы керектігін нақты тоқталды. Ауыл жастарын жоғары білім алып, «Болашақ» бағдарламасымен тегін шетелге барып оқуға жағдай жасау керектігіне де басты назар аударып отыр.  Коммунистердің мақсаты- партияның жұмысын алға қарай жақсартып, қарапайым халықтың әл-ауқатын  жақсарту. Залға жиналған ауыл жұртының  өтініштері мен сауалдары депутаттарға ұсынылды. Коммунистердің бастамасыменен жайылымдық жерлер туралы және өзіндік қосалқы шаруашылық заң жобалары дайындалып жатыр.  Халықтың қойған сауалдарына толықтай жауап берілді. Тұрсынбек Өмірзақов Қазенұлына бір қатар ұсыныстар түсті. Солардың бірі Исатай ауданының Аққыстау селосының  тұрғындары көп балалы ана Жақсығұлова Гүлбану және Ибрайымова Әлфара мекемелерге жұмысқа орналаса алмай жүргендіктерін, отбасыларының жағдайларының төмендігін айтып, коммунистерден үлкен көмек сұрады. Бұл  жиыннан кейін депутат Тұрсынбек Қазенұлы Атырау қаласының облыстық  Қазақстан – Атырау телеарнасының «Әлеумет» бағдарламасына тікелей эфирден сұхбат берді.

Гүлжан ИНЖЕЛОВА

Атырау қаласы

Яндекс.Метрика