Home » Депутатские запросы Мажилиса Парламента V созыва, Партийная жизнь, Фракция "Народные коммунисты" » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

С.Н. Ахметовке

 

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Серік Нығметұлы!

 

Қазіргі таңда Қазақстан қалаларының әлеуметтік өзекті проблемаларының бірі аулалардағы автомобиль көлігінің жүктемесі болып табылады. Бұл ретте көп пәтерлі үйлер ауласындағы көліктердің тәртіпсіз шоғырлануы сол үйдің тұрғындарына көптеген келеңсіздіктер әкеледі.

 

Автокөліктер тұрақтануға арналған жерлерде ғана емес, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңдарынан, көгалдардан, тұрғын үйлердің кіреберісінен, жолдың көлік жүретін бөлігінен және тротуарлардан орын алады. Сонымен қатар, түрлі бөгеттер мен жиектер олар үшін ешбір тосқауыл болып табылмайды. Тұрғындар көліктердің салдарынан аулада жүруге мүмкіндік жоқтығына, немесе жұмыстан қайтқан кездерінде тұрақтануға жер іздеуге мәжбүр болуына наразылық білдіруде.

 

Автокөліктердің аулаларда көптеп шоғырлануы коммуналдық қызметтер үшін, оның ішінде қоқыс шығару, «жедел жәрдем» машиналары, таксилер, аналардың бесік-арбалармен қозғалысы үшін күрделі проблемаға айналады. Өте қажет болған жағдайда тіпті өрт сөндіру машинасының да үйлерге жақын келуіне мүмкіндігі болмайды. Әкімдіктерде қар жинағыш техниканың аулалардан қар тазартуға мүмкіндігінің болмауы проблемасы жыл сайын туындап отырады.

 

Аулалардың автомобиль көлігіне толып тұруының салдарынан аулалардағы жол-көлік оқиғаларының саны ұлғаюда. Бөтен бiреудiң автокөлігін сырып кеткен жағдайда жүргізуші оқиға болған жерден оп-оңай кетіп қала алатын оқиғалар сирек кездеспейді. Көп пәтерлі үй тұрғындарын тұрғын үй аймағында автокөліктерден болатын шуылдар да (қатты дауыстағы музыка немесе әрдайым істеп кететін сигнализация) мәз етпейді.

 

Автокөліктердің аулаларда стихиялы түрде шоғырлануының негізгі себебі  аулалар маңында тұрақтануға арналған жерлердің жетіспеушілігі болып табылатындығы анық. Сонымен бірге көліктерін автотұрақ орындарына қоюға мүмкіндігі жоқ тұрғындармен қоса автотұрақта орны барлар да үйлердің ауласына машиналарын қойып кетеді. Бұл ретте қаладағы көптеген автотұрақ орындары жиі бос тұрады. Адамдар өз автокөліктерінің көз аясында болуын қалауы табиғи құбылыс, алайда, нәтижесінде олардың әрқайсысы қалаған жерінде көліктерін тұрақтандырады.

 

Аулалардың аумағында жылдар бойы қараусыз тұрып қалған көлік құралдары салдарынан, сондай-ақ көптеген үйлерде орналасқан азық-түлік дүкендеріне тауарлар жеткізетін автокөліктер өту жолдарды ұзақ уақытқа дейін жауып тұруы немесе шағын тұрақтану орындарында орын алу салдарынан мәселе шиеленiсуде.

 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінде автокөлікті тұраққа қою ережесі регламенттелген, олар, сондай-ақ, аула аумақтарына да таралатынын атап өткен жөн. Автокөліктердің аулаларда көптеп шоғырлану проблемасының күшеюі тұрғын үйлер маңында автокөлікті тұраққа қоюдың жеке тәртібін, оның ішінде үй кіреберісінен автокөліктерге арналған тұрақтану орындарына дейінгі оңтайлы арақашықтыққа қатысты  әзірлеуді талап етеді.

 

Жалпы, қалаларда автомашиналардың саны артуда, және олардың аулаларда көптеп шоғырлануы проблемасы одан әрі өршіп келетіні анық.

 

Осыған байланысты:

 

– Автокөліктердің аулаларда көптеп шоғырлануы мәселесін шешу үшін қазіргі таңда қолданылатын шаралар туралы хабардар етуді;

 

– Тұрғын үйлер маңында автокөлікті тұраққа қоюдың жеке тәртібін әзірлеуді;

 

– Автокөліктерді тұраққа, оның ішінде балаларға арналған ойын алаңдарына, көгалдарға қою ережесінің орындалуын бақылауды күшейтуді,үй кіреберісінен автокөліктерге арналған тұрақтану орындарына дейінгі қажетті арақашықтықты регламенттеуді;

 

– Көп пәтерлі үйлер үшін тұрақтану орындарының қажетті санын реттейтін нормативін әзірлеуді;

 

– Мемлекеттік қолдау көрсету шарасы арқылы қаланың жатын жер аймақтарында автокөліктердің тұрақтануына орындар мен гараждар құрылысын арзандату тетігін енгізу мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймыз.

 

Сауалды қарастыру нәтижесі туралы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жазбаша түрде хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Құрметпен,

 

«Халық Коммунистер» фракциясының мүшесі

 

 Т.Өмірзақов

 

Яндекс.Метрика