Home » Партийная жизнь, Фракция "Народные коммунисты" » ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

ҚазақстанРеспубликасының

 Премьер-Министрі

Серік Нығметұлы Ахметовке

 

Сауалға еліміздегі мүгедек балаларға қатысты қалыптасқан ахуал себеп болып отыр.

 

Ресми статистикалық деректерге сәйкес қазіргі таңда шамамен 64 мың балалардың түрлі мүгедектігі бар. Бұл балалардың жалпы санының1,3%-ын немесе елдегі мүгедектердің жалпы санының 10%-ын құрайды. Бұл ретте мұндай балалардың саны жылдан жылға артып келеді, бес жыл ішінде олардың саны 40%-дан астам шамасына,яғни 2007 жылғы 44, 9 мыңнан 2012 жылы 64 мыңға дейін өсті.

 

Балалар мүгедектігі (10 мыңнан астам) құрылымының едәуір бөлігін балалардың церебралды сал ауруы (бұдан әрі – БЦС) алып отыр. Бұл ретте БЦС ерте жастан пайда болатын, әрдайым және ұзаққа созылған оңалтуды талап ететін бас ми функциясының зақымдалуына байланысты ауыр сырқат болып табылады.

 

Осы орайда белгісіз болатын жайт, азаматтарымыздың өмір сүру сапасының жақсаруына қарамастан мүгедек балалардың санының және соның салдарынан оларды тәрбиелеуде өте көп ауыртпалық түсетін отбасылар санының өсіп келуі неліктен?

 

Сарапшылар балалар мүгедектігінің өсуін экологиялық жағдайдың шиеленісе түсуімен, туа біткен генетикалық ауруларымен ғана емес, сондай-ақ қанағаттанарлықсыз медициналық бақылаумен – балалар ауруы мен ауытқуының кеш анықталуымен және тиісінше оңалтудың дер кезінде басталмауымен байланыстырады.

 

Балалардың дамуының бұзылуын ерте бастан анықтау және түзеу балаларды ойдағыдай тәрбиелеу мен оқытудың,олардың әлеуметтік және білім беру интеграциясы, мүгедектік деңгейінің төмендеуініңкепілі болып табылады. Қазіргі таңда дамудан ауытқушылықтары бар балаларды анықтау3 жасқа дейінгі бала тұрғындарды стандартты жаппай тексеруді білдіретінБүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесіне (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы бұйрығы) сәйкес жүргізіледі.

 

Дегенмен, тәжiрибе көрсетiп отырғанындай, аталған ереженің қағидалары көбiнесе толық көлемде орындалмайды, скринингпен қамтылған балалардың саны төмен болып қала береді. Дамуында бұзылулары бар балалар туралы мәліметтер медициналық мекемелерден арнайы түзету-дамытушылық мекемелерге берілмейді.Уақтылы диагностика жасалмаудың және ертерек ден қою шараларын қолданбаудың нәтижесінде психикалық-дене дамуында кенжелеп қалу қатері бар балалар мүгедектікке душар болып қалады.

 

Мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылары тап болатын бірқатар проблемалар бар.

 

Біріншіден, мүгедек балалар үшінмамандандырылған оңалту мекемелерініңтапшылығы осы уақытқа дейін байқалады. Кейбір өңірлерде оңалту орталықтары мүлдем жоқ. Ата-аналардың квотаны «шаққа алуы», сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларындағы оңалту орталықтарына кезекке тұруы-мүгедек балалары бар отбасыларының бүгінгі шынайы өмірі. Мәселен, Астана қаласындағы «Республикалық балаларды оңалту орталығына»түсу үшін ата-аналар кей-кейде кезегін төрт жыл күтеді, бұл реттекөптеген балаларға оңалтудан оң нәтижелер алу үшін емдеу курсынан жылына кемінде екі рет өту қажет.

 

Екіншіден, бiлiм алуға қол жетiмдiлiкпроблемалары бар. Бүгінгі таңда әлемдік үрдіс инклюзивті білім беру жолымен жүріп келеді, яғни мүгедек балалардыөзімен қатарлас құрбыларымен бірлесіп оқыту олардың толық дамуына мүмкіндік береді.Бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасындағы инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қуанышты мақсаттарға қарамастан, факті бойынша көптеген білім беру мекемелерінде мүгедек балаларды қарапайым білім беру ортасына кiрiктіру мүмкіндігі әзірше жоқ:арнайы даярланған оқытушылардың болмауы, оқытуға оқу-әдістемелік құралдардың, балаларға арналған арнайы құрылғылар мен материалдардың жоқтығы.

 

Үшіншіден, елімізде мүгедек балалар мен олардың ата-аналарына әлеуметтік көмек әлеуметтiк жәрдемақылар және жеңілдіктер берумен шектелген, бұл реттемүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларымен дәйекті әлеуметтік жұмыстары жүргізілмейді, олардың тұрмыстық жағдайлары қадағаланбайды.Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнің деректері бойынша мүгедек балалардың 30%-ы ғана арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған.

 

Жалпы, мүгедек балаларды медициналық, педагогикалық және әлеуметтік оңалтудың жүйелі бағыты жоқ екендігін атап көрсеткім келеді.Мүгедек балалар проблемаларымен түрлі министрліктер айналысады, алайда балаларға қатысты жасалған ортақ саясат жоқ. Бұл ретте сөз бір-екі адам туралы ғана емес, 60 мыңнан астам балалар жайлы болып отыр.

 

Мемлекеттің негізгі функцияларының бірі халықтың ең аз қамтылған топтарын қорғау және оларға қолдау көрсету болып табылады. Сонымен бірге, тәжірибе көрсеткендей, балалар мүгедектігі проблемасына мемлекет тарапынан әлі де болса жеткіліксіз назар аударылуда. Бұл ретте еліміздегі бала мүгедектігінің өсуі шаралар қабылдауды талап етеді. Осы айтылғандарға байланысты мынадай мәселелер:

 

– Скринингпен қамтылған балалар, сондай-ақ динамикада психика-дене дамуында ауытқулары бар балалардың үлесі;

 

– Еліміздің өңірлерінде мамандандырылған оңалту орталықтарының құрылысы бойынша қолданылған шаралар;

 

– Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы білім беру мекемелерінде жасалынған жағдайлар (материалдық-техникалық жағдай жасау, оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, кадрларды даярлау және қайта даярлау) бойынша мәлімет беруіңізді сұраймын.

 

Сонымен қатар Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесінің орындалуына бақылауды күшейтуіңізді, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасыларына қажетті әлеуметтік жұмыстарын жүзеге асыру бойынша шараларды күшейтуіңізді сұраймын.

 

Құрметпен,

«Халық Коммунистер»

фракциясының мүшесі

Т.Өмірзақов

 

18.12.2013ж.

 

Яндекс.Метрика