Home » Депутатские запросы Мажилиса Парламента V созыва, Партийная жизнь » Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

С.Н. Ахметовке

 

Құрметті Серік Нығметұлы!

Бүгінгі таңда Қазақстанда халық саны 50 мың адамнан кем емес 58 шағын қалалар бар, олардың ішінде 15 – облыстық маңызы бар қалалар болып табылады. Көптеген шағын қалаларда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар жоқ, шағын және орта бизнес жеткілікті дамымаған. Шағын қалаларға көші-қон, құлдырау, инфрақұрылымдар, жұмыссыздық сияқты ауыртпалы әлеуметтік құбылыстар тән.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы өңірлерде әлеуметтік-экономикалық шарттарды теңестірудің жаңа тиімді тетіктерін енгізу қажеттілігін атап өтті. Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыс Әкімдерімен бірлесіп осы жылдың өзінде шағын қалаларды дамыту бойынша бағдарламаны қабылдау тапсырылды. Осындай бағдарлама біздің шағын қалаларда нақты секторды, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда, халықты жұмыспен қамтуды жоғарылатуда көмектесуі тиіс.

Өңірлерге жұмыс бабымен барғанда, жеке елді мекендердің, әсіресе аудандық маңызды қалалардың өз әкімшілік мәртебесіне сәйкессіздігін байқамауға болмайды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақты құрылысы туралы» ҚР Заңы бойынша аудандық маңызды қалаларға халық саны 10 мың адамнан кем емес, оның ішінде жұмыскерлер және олардың отбасы мүшелері халықтың жалпы санының үштен екісін құрайтын аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындар, коммуналды шаруашылық, мемлекеттік тұрғын үй қоры, дамыған оқу және мәдени-ағарту, емдеу және сауда объектілері торабы бар елді мекендер жатқызылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша аудандық маңызды қалалар мәртебесіне тек халық саны критериясы бойынша ғана 12 қала (Степняк қ., Державинск қ., Жем қ., Темір қ., Қарқаралы қ., Қазалы қ., Форт-Шевченко қ., Булаево қ., Мамлютка қ., Сергеевка қ., Шар қ., Серебрянск қ.) сәйкес келмейді. Олардың басым бөлігі, шын мәнінде ауылдар және кенттер болып табылады.

Елді мекеннің өз әкімшілік мәртебесіне сәйкес келмеуі тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай емес саясатты жүргізуден туындаған өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздікке алып келеді. Мысалы, ауылды елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына демеуші жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе тұрғын үй құрылысы үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі, 25% жоғарылатылған еңбекақы мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленеді. Шағын қалалар мамандары мұндай қолдаулармен пайдаланбайды, бұл кадрлар тапшылығына алып келеді. Бұл осындай қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымы жұмысына келеңсіз әсер етеді. Күйзелісті қалалар тұрғындары маған шағын қалалардың әлеуметтік салалар жұмыскерлерін әлеуметтік қолдау мәселесін шешуді бірнеше рет өтінген.

Жоғарыда аталғандар негізінде, шағын қалаларды дамыту бағдарламасын әзірлеу алдында Сізден:

– шағын қалалардың өз мәртебелеріне сәйкестігіне талдау жүрргізуді, оның негізінде Қазақстан Республикасының Президентіне жеке елді мекендер мәртебесін өзгерту туралы ұсыныс енгізуді;

– өз әкімшілік мәртебесіне сәйкес емес, аудандық маңызды қалаларға ауылды аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын тарату мәселесін қарастыруды өтінемін.

Қарастыру нәтижелері және қабылданған шаралар туралы заңнамамен белгіленген мерзімде жазбаша хабарлауды сұраймын.

 

 

Құрметпен,

«Халық Коммунистер»

фракциясының мүшесі Т.Өмірзақов

Яндекс.Метрика