Home » Партийная жизнь » ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Өткен жылғы дәнді дақылдардың жоғары өніміне қарамастан, ауыл шаруашылығындағы жағдай күрделі болып, қоғамда едәуір алаңдаушылық туғызуда. Істің мәнісі, астықтың ауыл тұрғындарының жеке шаруашылығында шоғырланған мал шаруашылығында өндіріліп отырғандығында болып отыр. Олар 90 %-дан аса сүт және сүт өнімдерін, 80%-ға дейін ет және жалпы жұмыртқа өнімінің жартысын ішкі нарыққа беріп отыр.

Астық компаниялары халыққа ет-сүт өнімдерін және басқа да тамақ өнімдерін беруде жауапкершілік алмай отыр. Оған қоса, олар шаруаларға жем-шөпті және ішкі сауда операцияларында қалыптасқан пайдадағы нормамен қызметтерді сатады.

ЖШС-қа, ПК-ға, АҚ-қа жер үлестерін берген ауыл тұрғындары келісілген өнімнің бөлігін ала алмай отыр. Сондықтан, агрофирмалардан еркін бағамен шөп, тұқымдық астық, басқа да қызметтерді сатып алуда.

Жем-шөптің қымбаттауынан ауыл тұрғындарына мал мен құс өсіру тиімсіз болуда. Олардың саны қысқаруда, нарықтағы азық-түлік қымбаттап, азая түсуде.

Осы шиеленісті бәсеңдету үшін шабындықтың әрбір мың гектарынан сүттің, еттің, жұмыртқаның, басқа да өнімдердің белгілі бір көлемін нормалап алу енгізілуі қажет. Бұл жағдайда, астық компаниялары не мал шаруашылығы фермаларын ашып, не шаруаларға мал шаруашылығы өнімі өндірісі көлемдерін кеңейтуге мүмкіндік беретін арзан жем-шөп және басқа да қызметтер ұсынатын болады. Сонымен қатар, бюджеттен ірі мүйізді қарадан төл алуға және жоғары салмақта сойылатын малға демеулік қаржы бөлген жөн.

2

Бізде құс шаруашылығы ұмыт қалған. Оны дамыту және құс өсіру есебінен ет өнімдеріне 30 %-на дейінгі қажеттікті өтеу үшін халықта зор мүмкіндіктер бар.

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру арқылы ғана азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге болады. Кедейлер емес, тек ауқатты шаруалар елді жарылқай алады. Ауыл мен селоны нығайтып, көркейту қажет, сонда ғана біз күшейіп, сенімді бола түсеміз.

Осы ұсыныстарымызды біздің фракцияның қатысуымен арнайы комиссияда талқылауды ұсынамыз.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзімде, жазбаша беруді сұраймын.

Құрметпен,

В.Косарев

Яндекс.Метрика