Home » "Коммунист Казахстана", № 26//12.07.2013 » Депутаттық жұмыс сапары

Депутаттық жұмыс сапары

«Ақмола вагон жөндеу зауыты» еліміздегі мамандандырылған зауыт болып табылады. Қазіргі кезде «Ақмола вагон жөндеу зауыты» Астанадағы және Қазақстандағы машина құрастыру зауыт өндірістерінің ішіндегі ең тұрақтыларының бірі.  «АВЖЗ» АҚ – ның қызметіне  негізгі тапсырыс берушілері: «Богатырь Транс» ЖШС, «Компания Жол Жөндеуші» ЖШС, «Дирекция магистральной сети» КТЖ НК АҚ, «Казтеміртранс» АҚ болып табылады. Зауыт жоғары техникалық базамен   жарақтандырылған және жұмысшы құрамы  жоғары білікті мамандардан тұрады.

   Бұл зауыттың тарихы 1941 жылдан бастау алады. Барлығы 66 жыл жұмыс кезеңі аралығында  вагон жөндеу зауытында 190000 әр түрлі құрастырылымдағы вагондар жөндеуден өткен.

 Қазақстан Республикасының «Еңбек» заңының және «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ-ның жарғысына сәйкес жұмыс істейтін «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ-на жұмысшылардың қал-ахуалын біліп, Парламенттегі «Халықтық Коммунистер» Фракциясының қызметін таныстыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халықтық Коммунистер» Фракциясының мүшесі – Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы депутаттық жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапар барысында Жамбыл Аужанұлын «АВЖЗ» АҚ бас директоры – Зейнулла Рахымұлы Шібкенов, «АВЖЗ» АҚ өндіріс директоры – Ерғали Ахметканұлы Ргебаев  қарсы алды.

  Зейнулла Рахымұлы зауыттың тыныс-тіршілігіне тоқталып: «Бұл зауыт Қазақстанға соғыс кезінде, яғни 1941 жылы Украинадан әкелініп  шеберхана ретінде ұйымдастырылды, кейін вагон жөндеу зауыты болып қалыптасты. Қазіргі кезде,  жүк вагондарды жөндеу үшін лицензия алынды және жыл сайын лицензияны қорғап, дәлелдеп отырамыз. Зауытта 536 адам жұмыс істейді» – деді. Одан әрі, Шібкенов мырзамен Жамбыл Аужанұлы зауытты аралап, жұмысшылармен кездесті.

Жамбыл Аужанұлы жұмысшыларды Астананың 15 жылдық мерейтойымен құттықтап, Парламенттегі «Халықтық Коммунистер» Фракциясының қызметіне тоқталды. «Біздің Парламенттегі Фракция қарастырылатын әр заңнамаға өз ұсыныстарын жасайды, ал біздің ұсыныстарымыз ең алдымен халық мүддесіне сай. Мысалы: жақын арада қарастырылып, кейінге қалдырылған әйел адамдардың зейнет жасына қатысты заң жобасын біздің Фракция қолдамады» – деп өз сөзін бастаған Жамбыл Аужанұлы Елбасының соңғы жолдауына, «2050 – бағдарламасына» да тоқталып кетті. Ал жұмысшылар өз кезегінде депутатқа өздерін мазалап жүрген көкейкесті сауалдарын қойды.  Сұрақтар, негізінен баспана мәселесіне, айлық күн көріс мөлшерін ұлғайтуға, сапалы медициналық көмек алу үшін Өндіріс кентіне аурухана салу қажеттігіне қатысты болды.  Кездесу соңында зауыт жұмыскерлері депутатқа алғыстарын білдірді. Ал,  депутат жұмыскерлерге  өздерін толғандыратын сұрақтарын ҚКХП-ның Астана қалалық комитеті арқылы қоюға болатынын және осының негізінде депутаттық сауал жолдайтынын айтты.

ҚКХП-ның Астана қалалық комитеті

Баспасөз қызметі

Home » Астанинский горком, Партийная жизнь » Депутаттың жұмыс сапары

Депутаттың жұмыс сапары

«Ақмола вагон жөндеу зауыты» еліміздегі мамандандырылған зауыт болып табылады. Қазіргі кезде «Ақмола вагон жөндеу зауыты» акционерлік қоғамы Астанадағы және Қазақстандағы машина құрастыру өндірісінің ішіндегі тұрақты істеп келе жатқандардың қатарында.

«АВЖЗ» АҚ – ның қызметіне  негізгі тапсырыс берушілері: «Богатырь Транс» ЖШС, «Компания Жол Жөндеуші» ЖШС, «Дирекция магистральной сети» КТЖ НК АҚ, «Казтеміртранс» АҚ болып табылады. Зауыт жоғары техникалық базамен   жарақтандырылған және жұмысшы құрамы  жоғары білікті мамандардан тұрады.

Бұл зауыттың тарихы 1941 жылдан бастау алады. Барлығы 66 жыл жұмыс кезеңі аралығында  вагон жөндеу зауытында 190000 әр түрлі құрастырылымдағы вагондар жөндеуден өткен.

 Парламенттегі «Халықтық Коммунистер» фракциясының қызметін таныстыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты  Жамбыл  Ахметбеков зауыт ұжымымен кездесті. «АВЖЗ» АҚ бас директоры  Зейнулла Шібкенов, «АВЖЗ» АҚ өндіріс директоры Ерғали Ргебаев  қарсы алды халық қалаулысын зауыт тіршілігімен таныстырды.

  Зейнулла Рахымұлы зауыттың тыныс-тіршілігіне тоқталып: «Бұл зауыт Қазақстанға соғыс кезінде, яғни 1941 жылы Украинадан әкелініп  шеберхана ретінде ұйымдастырылды, кейін вагон жөндеу зауыты болып қалыптасты. Қазіргі кезде,  жүк вагондарды жөндеуге лицензия алынды және жыл сайын лицензияны қорғап, дәлелдеп отырамыз. Зауытта 536 адам жұмыс істейді» – деді. Одан әрі, Шібкенов мырзамен Жамбыл Аужанұлы зауытты аралап, жұмысшылармен кездесті.

Жамбыл Аужанұлы жұмысшыларды Астананың он бес жылдық мерейтойымен құттықтап, «Халықтық Коммунистер» фракциясының қызметіне тоқталды. «Фракция мәжіліс қабырғасында қарастырылатын әр заңнамаға өз ұсыныстарын жасайды, ал біздің ұсыныстарымыз ең алдымен халық мүддесіне сай. Мысалы: жақын арада қарастырылып, кейінге қалдырылған әйел адамдардың зейнет жасына қатысты заң жобасын біздің Фракция қолдамады» – деп өз сөзін бастаған Жамбыл Аужанұлы Елбасының соңғы жолдауына, «Қазақстан -2050»  стратегиясына да тоқталып кетті. Ал жұмысшылар өз кезегінде депутатқа өздерін мазалап жүрген көкейкесті сауалдарын қойды.  Сұрақтар, негізінен баспана мәселесіне, айлық күн көріс мөлшерін ұлғайтуға, сапалы медициналық көмек алу үшін Өндіріс кентіне аурухана салу қажеттігіне қатысты болды.  Кездесу соңында зауыт жұмыскерлері депутатқа алғыстарын білдірді. Ал,  депутат жұмыскерлерге  өздерін толғандыратын сұрақтарын ҚКХП-ның Астана қалалық комитеті арқылы қоюға болатынын және осының негізінде депутаттық сауал жолдайтынын айтты.

 

 

ҚКХП-ның Астана қалалық комитеті

баспасөз қызметі

10.07.2013ж.

Яндекс.Метрика