Home » "Коммунист Казахстана", № 42//06.12.2013 » Діни экстремизмге қарсы тұру

Діни экстремизмге қарсы тұру

25 қараша күні  Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Қазенұлы мен Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев Ғұсманұлын Атырау облысы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қабылдады. Қабылдау барысында облыс әкімі Атырау облысында кеңінен жұмыстардың атқарылып жатырғандығын айтып өтті.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы және Орталық комитетінің ұйымдастыруымен 26-шы қараша күні «Діни экстремизмге қарсы тұру» атты тақырыпта форум өткізді. Форумды ҚКХП Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев жүргізді. Форумның арнайы қонағы болып Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов және Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева қатысып отырды.

Жиынның алғашқы сөз кезегі Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева Баянқызына ұсынылды.

– Облысымызда өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың өмір ұстанымдары мен мәдениетіне Ислам және Христиан діндерінің әсері мол. Сондықтан қазіргі кезде діни шанымдарға, мәдениетте елдегі барша ұлттардың мүддесін көздейтін, олардың рухани дамуына оңды әсерін тигізетін ортақ игіліктерді таңдап алып, қазақстандық рухтың, отансүйгіштіктің ізін салу міндеті тұр. Бұл қазақстанның әлемдегі қандайма болмасын мемлекеттерінде болмаған идеологияның негізін қалау деген сөз. Атырау облысы бойынша 28 исламдық, 3 православиелік, 2 католиктік және 6 протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер тіркеу қайта тіркеуден өтіп, барлығы 39 діни бірлестік және филиал қызмет етуде, – деді баяндамасында Әсия Қыстаубаева.

Бүгінгі шара алдын-ала айтылғандай пікір-талас форматында болғандықтан, бірнеше мәселе бойынша ой бөлісуге рұхсат етіңіздер деді, – келесі сөз кезегін алған Мейірім Қалауи Жоламанұлы Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы.

Еліміздегі дін ұстанушы жастардың арасында теологиялық тартыстарға және мұсылмандар арасында түсінбеушіліктен туындаған жанжалдарға жол ашып отырған бастапқы себептердің бірі дінді дұрыс түсінбеуінде деп тұжырымдалуда.

Қазіргі таңда дін ұстанушы жамағаттардың немес жастар арасында діни тұрғыдан радикалдану өкінішке орай, Құран аяттарының «дүниетанымдық» және «ахуалдық» деп жіктелуін, олардың түсі себептері мен салдарын білмеу исламның бейбіт болмысын жоққа шығаруға алып келеді.

Қазіргі таңда дінге бет бұрған жас өспірімге хақ жолдың турасын атап көрсететін немес дұрысы мен бұрысын ажыратып, өз ақыл кеңесін беретін діни сауатты ата-аналардың да тапшылығы қынжытады. Өйткені өз жақынынан діни қолдау көрмеген жас буын, өзін түсінетін және рухани аштығын қанағаттандыратын, өкінішке орай, жат діни ағымдардың өкілдерінен табуда.

Сонымен қатар, өзге елде оқып жатырған  кейбір жастар заңсыз жолдар арқылы шекара асып, ол жақта заңды діни сауат ашу немесе теологиялық ғылымдарды үйрететін университтерге тіркеле алмай, «хужраларда» яғни бір шейхсымақтың үйінде діни сауат ашуда. Соның нәтижесінде бұл орындарда оқыған азаматтар, алған ілімдері шикі бола тұра, теологиялық үкімдер шығаруға, жамағаттардың арасында тартыстарға түсуге бейім болады.

Жастардың жат діни ағымдарға бейім болудың тағы бір себебі, ол осы ағымда жүргендердің арасында берік қарым-қатынас құруда. Олар бір пікірлес «бауырларын» ағасындай сыйлап, бір-бірін демеп, бауыр басып алады. Бұл әдістер ағымның жаңа мүшелеріне жағымды болып, қуанышпен қабылдайды.

Деструктивті діни ағымдар идеяларының белсенді таралуына ерекше ықпал ететін тағы бір себебі, ол ағымдар жаңа заманғы ақпарат құралдарын тиімді пайдалануда. Ғаламтор желісі арқылы, ұял телефон және баспа құралдары арқылы өз ақпараттарын қарқынды таратып жатыр.

Демек діни теріс ағымдардың алдын алу жұмыстарында жоғарыда аталып өткен себептерді ескерсе отырып керекті ашаралар мен тәсілдерді жетілдіру қажет деп есептеймін – деді Мейірім  Қалауи.

Сондай – ақ, теріс діни ағымдарға қарсы тұрудың маңызды жолы-жастардың бос уақытын тиімді пайдалану болып табылады. Биылғы жылы барлық оқу орындарында жастар ісі комитеттері құрылды. Ірі мекемелер мен кәсіпорындарда жастар кеңестері жұмыстарын бастады. Бұл құрылымдардың басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді пайдалану болып табылып отыр.

Мұсылмандар діни басқармасының бастамасымен діни экстермизмнің алдын – алу жұмыстары мешіттерде бастау алды. Бүгінде әр мекеме аталған тақырыпқа қатысты жоспар құрып, күні бүгін облыстағы барлық кәсіпорындар, мекемелер мен компаниялар өз қызметкерлерінің терроризм мен экстремизмге қарсы сауатын арттыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тіпті, түрмелерде де осындай жұмыстар жолға қойылған.

Терроризм мен экстремизм – адамзаттың қас жауы. Қаймағы бұзылмаған қазақ жерінде осындай лаңкестіктерге жол беру ең алдымен, жазықсыз жандардың зардап шегуіне алып келетіні сөзсіз. Жұртшылық осыны ұғынуы керек.

Ақиқатын айтар болсақ, жалғыз Ислам ғана емес, әлемдегі қай дін де өз табиғатында экстремизмге жат. Әлемде лаңкестікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын бірден – бір дін жоқ. Ислам діні де солай. Оның жарқын жол көрсетушісі қасиетті құран Кәрімде бір адамның өмірін қию бүкіл адамзатқа жасалынған қастандық ретінде бағаланды.

Олай болса, қай дін өкілі болсын, өзі ұстанған діннің қадір – қасиетін халыққа сабырлы да салмақты түрде ақыл – парасатпен түсіндіруге, өзгелердің діни нанымына түсіністікпен қарауға, бірін – бірі кемсітуге жол бермеуге тиісті. Яғни, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал жасау үшін ең алдымен, әлемдік және дәстүрлі діндердің арасында өзара татулық пен кешірімділік ахуалын қалыптастыру қажет – деді баяндамасында Атырау облысының найб имамы Нұрлан Рамазанов Бекболатұлы.

Шарамыздың қортынды сөзі Тұрсынбек Өмірзақов Қазенұлына берілді. Діни экстремизм тақырыбы бұл өте елімізде күрделі тақырып. Бүгінгі форумды ұйымдастырып отырған Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалына үлкен алғысымды білдірем. Бұл эктремизм туралы проблема парламенттің, үкіметтің, қоғамның, жастардың проблемасы. Өйткені, бұл проблема қазіргі уақытта күллі дүниежүзі бойынша таралып кетті. Осы проблемаға себеп болатын жастар. Біздің Қазақстанда  төрт жарым миллион жастар бар. 14 жастан 29 жасқа дейін соның жетпіс мыңы студенттер. Діни эктремизмге себеп болатын бірінші проблема ол жастар арасындағы жұмыссыздық. Діни біліміз төмен. Әсіресе ауыл жастары діни экстремизмге жақындау болып келеді. Тіпті, шет елдерден келген басқа ұлт өкілдеріде кері әсерін беріп жатыр. Қазіргі таңда діни-ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Айтқандай, экстремизмнің қай түрі болса да тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің аумақтық тұтастығына, азаматтардың құқығына және бостандығына үлкен қауіп төндіреді. Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіпті түрі – діни ұранды бүркемелеп ұлттар және діндер арасына от қойып, шағыстыру. Оның арты үлкен қақтығыстарға әкеледі. Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мәжбүрлі түрде мойындату. Одан қала берді, халыққа өз діндеріне сай құқықтық нормаларды жасап, бөлек мемлекет құру.  Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық-зомбылық көрсету. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясына сәйкес қайта құруға тырысады. Діни экстремизм – терроризмнің ең соңғы сатысы. Біз өмір сүріп отырған әлемде діни экстремизм қанатын кеңге жайып, халықаралық деңгейге жеткен. Дәл қазіргі уақытта халықаралық экстремизм және терроризммен тиімді күресу үшін әлемдік қоғамдастықты бірігіп күшейту қажет. Әлемдегі кез келген мемлекет бұл кесапатқа қарсы күресті жеке өзі жүргізуі өте қиын – Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов.

 Жиынға Атырау облысы ішкі саясат басқармасы, Атырау облысы аппараты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау облысы жастар саясаты мәселелері, Атырау облысы Дін істер басқармасы, Атырау облыстық білім беру, Атырау облыстық туризм дене шынықтыру және спорт, Атырау облысы Қазақстан халқы ансамблясы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Атырау облысы бойынша өкілдері, Иманғали мешітінің инаб имамы, Атырау облысы ішкі істер департаменті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, және Бұқаралық ақпарат өкілдері  жиынға арнайы шақырылды. Мыңға жуық колледж студент жастары қатысты.

Гүлжан Инжелова, Атырау

Яндекс.Метрика