Home » "Коммунист Казахстана" » Дінмұхамед Қонаев – Қазақстан тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі.

Дінмұхамед Қонаев – Қазақстан тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі.

24 қаңтар 2011 жылы

Әбдірахман Мамаш,

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің 1-і хатшысы

12 қаңтар – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген ол мына жалған дүниеде 81 жыл, 8 ай және 10 күн ғұмыр кешіпті.

Кезінде Дінмұхамед Ахметұлы «көз өзіне сенеді, құлақ өзгенің сөзіне сенеді» деген сөзді жиі айтады екен. Ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен республика Министрлер Кеңесінде 42 жыл қызмет етті. Осы 42 жылдың ширек ғасыры (арасындағы аз-кем ауыс-түйісті есептемегенде) Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметі лауазымына арналды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағалығына екі мәрте тағайындалды. Қазақстан коммунистерінің ІV съезінен ХVІ съезіне және КОКП-ның ХІХ съезіне дейін делегат болып сайланды. ХХ съезден бастап КОКП Орталық Комитетінің мүшесі болды. Дінмұхамед Ахметұлы Алатаудай биік, Сарыарқадай кең, Каспидей терең адам сыртқы жау Н.Хрущевтің қиқаң-сиқаңын былай қойғанда, ішкі жау И.Юсуповтың ылдым-жылдым, айла-шарғысын да халқына білдірмей қара нарша көтере білді.

Ал, М.Горбачевтің сорақылығы бәрінен де асып түсті. Еншісі – еңбек, қасиеті қарапайымдылы болып, туған халқына адал қызмет атқарған, сондай-ақ, Ресей халқын азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етіп келген Қазақстандай кең елдің бірегей басшысы, алдына өтінішпен барғанда жұмысбасты бола қалып, «тіршілік мойын бұрғызатын емес, соған орай Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумына қатыса алмаймын, Орталық Комитеттің кадр жөніндегі хатшысы Разумовский барады» дер ме еді. М.Горбачевтің мәдениет пен сыпайылықтан ада бұл мінез-құлқы Қазақстан биігіне келетін «кадрдың» алдын-ала келісіп-пішіліп қойылғанын көрсетеді. Неге? Біріншіден, Д.Қонаевқа қарата айтылған «Ұсынысыңызды құптаймын, өтінішіңіз Саяси Бюрода қаралады» деп тақ ете қалу – тек қана алдын ала жасалған сценарий кезінде ғана қолданылатын сөз, екіншіден, Д.Қонаевтан «өз орныңызға кімді лайық деп отырсыз?» деп қасақана сұрамауы да «қолынан келген қонышынан басадының» өктемдігі мен өзімбілермендігі. Қонаевтың ойындағы қазақстандық номенклатураның кандидатурасын қодасын, қодамасын КСРО атты алып елдің үлкен бір пұшпағы Қазақ КСР-і сияқты жерге де, кенге де, малға да, дәнге де бай, еңбекқор елдің ғажайып халқын қырық жылдан астам басқарған сыйлы адам зейнет демалысына кетіп бара жатқанда сыпайылық үшін болса да «орныңызға ұсынатын дайын кадр бар ма?» деуі керек еді ғой. Жоқ, өкінішке орай М.Горбачев мұндай біліктілік танытпайды. Танытқысы да келмейді. Ақыры шыдамы таусылған Д.Қонаев өзі сұрауға мәжбүр болады. Сол кезде М.Горбачев «Ол мәселені шешуді бізге қалдырыңыз, Қазақстанға маңдайынан шертіп отырып жақсы коммунист жібереміз» деп әңгімені шорт үзеді. «Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды» деген, міне, осы.

КСРО саясатына қалтқысыз адал қызмет текен КСР-і халқына деген Кремль билігінің «құрметінің» сиқы көп ұзамай түсінікті болды. М.Горбачев «маңдайын шертіп жүріп таңдаған жақсы коммунисттің» қазақ халқын басқаруға келген қадамы құтты болудың орнына, қанды шеңгелді болды. Қалай басқарғаны да тарихтан белгілі. Халықымызда «игі істің басына, жақсы келер қасына» деген сөз бар. М.Горбачев «сенім» артқан Г.В.Колбин ондай жақсылардың қатарына болмай шықты. Халықты сабырға шақырып, ақыл-парасатпен басқарудың орнына 1986 жылдың 17-18 желтоқсанындағы көтеріліске қатысушыларды аяусыз жазалауға жол берді. Сөйтіп, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың 99-ының сотталып, 2-нің өлім жазасына кесілуіне, 83 адамның 2 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуына ұйытқы болады. Республиканы ол басқарған екі жарым жылға жуық уақыт ішінде төменгі, орта, жоғары эшелондағы 112 басшы қуғындалып, тағдыр тәлкегіне ұшырады. Торғай, Маңғыстау облыстарын жауып, таратып жіберді (Ал Д.Қонаев Қазақстан картасындағы көптеген қалалармен бірге Торғай, Жезқазған, Маңғыстау және Талдықорған облыстарын ашқан болатын).

«Жаман дос – көлеңке, күн шалса іздеп таба алмайсың»  дегендей Д.Қонаев 1986 жылдың 16 желтоқсанындағы оқиғадан кейін кімнің жақсы,  кімнің жаман екенін анық байқады. Бұл туралы Димекеңнің мынадай әңгімесі бар.

Бір мархабаты мол патша ашу үстінде өзінің қарамағындағы қызметкерлерінің бірін жазықсыздан-жазықсыз өлім жазасына бұйырыпты дейді. Бір күнгі жарық дүние кімге болса да қымбат қой, соны қимай бара жатқан әлгі пақыр:

«Сол айтқандай,-деп жазады Димекең,-менің айыбым басталатындай кімге қиянат жасап, кімді жылатқандай едім дегенді ойлаумен болдым». Шынында Д.Қонаевтың ерекше қасиеті ашық айтса да ашынып, ауыр айтпағандығында, ақыл тезін алдыға сала білетіндігінде және досы жоқпен сырласып, досы көппен сыйластығында болғанын ойлы жұрт біледі. Қазақ халқы оның осы қасиеті үшін де қызметі мен өмір жолын әлі күнге дейін үлгі, өнеге тұтып келеді. Ойран өткеннен кейін, салмақ ойға түседі. Д.Қонаев иықты бастан сол зілбатпан ойларын кітапқа түсіріп жеңілдемек болған тұста бұл туралы «Мен алтын басты азаматтармен үзеңгілесіп, үлкен іс тындырып жүрдім десем, қара бастың қамын кешкен кеудемсоқ пенделердің ортасында өзімді-өзім алдап, арбауға түскен екенмін. Жарқылдағанның бәрі алтын емес екендігін, жалпақтағанның бәрі жанашыр еместігін ажырата алатын сияқты едім» деп жазды.

Бірде Д.Конаевты М.Хрущевтің кабинетіне шақыртады. Ол кіргенде іште Микоян, Козлов, Брежнев, Косыгин, Первухин тағы біреулер отыр екен. М.Хрущев бірден ытырыла сөйлейді:

Қонаев сәл абдырап қалады. Отырғандарға жағалай бір қарап шықса бұл пікір жалғыз Хрущевтің пікірі емес сияқты, бірақ сөзден тосылған да жоқ. :

Нық әрі өзіне сенімді үн. Ол кезде Сталиннің өзін жерден алып, жерге салып жамандаған КСРО-ның «нөмірі біріншісінің» көзіне тура қарап, бұлай деу көзсіздік (ерлік емес) болып саналатыны белгілі.

Абырой болғанда әңгімеге «Микоян араласып, «Қарағандыны бүгін тың өлкесіне берсек, ертең оларға өзіміз-ақ көмір өндіріңдер деп бұйырамыз. Ал, Тың өлкесі менің білуімде көмір емес, астық өндіру үшін құрылды ғой» деп Хрущевтің өрекпіген кеудесін басып тастайды. Бірақ Хрущевтің басылып қалған кейіп танытып, тымырая қалуының артында «Маңғыстауды Түркіменияға беру керек, ал Қазақстанның мақта өсіретін аудандарын Өзбекстанға беру керек» деген ұшқары ұсыныстарына да Қонаевтың да қарсы болғаны тұр еді. Ал, бұл «ұсынысты» үкілеп ұсынған қазақ жерінің суын ішіп, нанын жеп жүрген Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Исмаил Юсупов болатын. Ол 1962 жылы Мәскеуде жүргенде Н.Хрущевтің қабылдауына пысықтықпен жасырын кіріп, Оңтүстік Қазақстандағы мақта өсіретін үш ауданды Өзбекстанға беру жөнінде ұсыныс айтып шығыпты. Н.Хрущев болса «Юсупов жақсы ұсыныс айтты» деп мақтап, оны мәз ғып қояды. Бұл Д.Қонаевтың қызметі мен өміріндегі ең ауыр күндердің бірі болады. «Іштен шыққан шұбар жылан» Юсуповтың Кремль билігіне жақсы атану үшін өзін айналып өткені көңілін қабаржытып, жүрегін ауыртады. Кремль басшыларының сол кездегі «ақыл қалтасы» атанған Микоян да бұл ұсынысты талқылауда Хрущевті жақтап шыға келеді. Бейсебаев, Шәріпов дегендер «желге қарсы тұрып қайтесің… келісім бер» деп босбелбеулік танытады. Бірақ, Д.Қонаев өзін алда лауазымды қызметінен шеттетуге апарып соқтыратын ауыр жаза күтіп тұрса да келісім бермейді. Көп ұзамай Орталық Комитеттің хатшысы Козлов Д.Қонаевқа телефон шалып, 25 желтоқсанға пленум шақыр деп тапсырма береді. Сол пленумда Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы деген қызметінен бірауыздан босатылады. Оның орнына «бірауыздан» Исмаил Юсупов тағайындалады. Сөйтіп, Кремль билігі «берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан» деп, Д.Қонаев көзінің қарашығындай сақтап қалған бірқатар мақталы аудандарды Өзбекстанға берді де жіберді. «Жыртық үйдің Құдайы бар», екі жылдан кейін Қазақстан Компартиясы Комитетінің Бірінші хатшысы болып қайта тағайындалған Д.Қонаев әлгі дымбілместердің делдалдығымен өзбекке өтіп кеткен аудандарды қазақ жеріне қайтып қосып алды. Бірақ, кейбір аумақтар бәрібір шет жерде қалып қойды. Ең ауыр қарғыстардың бірі «өзің білме, білгеннің тілін алма» десек, Хрущев пен Юсупов өздері білмейтін, ал білген адамның тілін алмайтындардың нағыз өзі болатын. Олардың сол солақай саясатының салдарынан жазығын қарапайым халық көріп, мысалы, Қазақстанның  3 миллион 500 мың гектар жері Өзбекстанға өтіп кетті. Республика экономикалық жағынан құлдырап, елде соғыстан кейін болмаған жағдай – «нан кәртішкесі» енгізілді. Ол билік құрған екі жыл ішінде дау-дамай, кінәласулар көбейіп, Кремльге арыз қардай бораған. «Қазақстандағы ұйғыр автономиясы» туралы қаңқу сөз де осы тұста гу ете түскен.

Д.Қонаев Қазақстандағы ең ірі тұлғалардың бірі.

Яндекс.Метрика