Home » "Коммунист Казахстана" » Елімізде 2015 жылға дейін 418 мектеп салынады

Елімізде 2015 жылға дейін 418 мектеп салынады

2015 жылға дейін Қазақстанда 418 мектеп салынады, бұл үш аусымдық және апатты жағдайда тұрған білім ошақтарының проблемаларын толық шешпек.

Сонымен қатар, индустриаландыру жобаларына қажетті мамандарды дайындау мәселесіне де биылдан бастап ерекше көңіл бөлінбек. Өткен жыл білім мен ғылым үшін ерекше жыл болды. Бұл салаға бөлінген ақша көбейіп, 1 триллион теңгеден асты. Яғни, ішкі жалпы өнімнің 4 пайызына жуығы осы бағытқа жұмсалды. Қаражат көлемі қарай қыруар жұмыс атқарылды, мысалы, былтыр мектепке дейінгі ұйымдар саны 1650-ге артты, 2010 жылы олардың тек 6 446 болатын. Ал, 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 65,4 пайызы балабақшамен қамтылды.
Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:
2011 жылы мұғалімдер мен тәрбиешілердің категорияларына мәске қосымша төлетін ақы көлемі өсті. Ал, 15-жылға қарай педагогтардың айлығы жеке секторда жұмыс істейтіндердің жалақысымен теңестіріледі. Былтыр ұстаздардың біліктілігін арттыру жүйесі жасалса, осы жылы мұғалім карьерасының жаңа моделіне көшеміз.  ЖОО-ын бітіретін оқушыларымыз диплом алардан бұрын, олар біліктілік квалификациясына қауымдастықтардан құрылатын орталықтарға сол жерге барып, өзінің біліктілігін дәлелдеу керек, сол жерден сертификат алуы керек, осылай болса, ЖОО-да беретін білімнің де сапасы биік болады, оқудың ба сапасы биік болады.

Астана Мәскеуден Байқоңырда Бәйтерек ЗҒК салу қажеттігін белгілеуді сұрайды

Қазақстан Ресейден Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымырандық-ғарыш кешені құрылысының мақсаттылығын белгілеуді сұрайды, деп хабарлады сейсенбіде Қазғарыштың басшысы Талғат Мұсабаев.

«Келісім бойынша қазақстандық тарапта жобаның ақырғы құны бойынша да, кешенді қолданысқа енгізу мерзімдері бойынша да, ұшыру үшін Ангар зымыран тасығышының қажетті санын жеткізу бойынша да, коммерциялық ұшыруларға тапсырыс алу бойынша да ешқандай кепілдемесі болған жоқ», – деді Мұсабаев.

Сонымен қатар, «осы жылдарда жобаның бағасы 223 миллион доллардан 640 миллион долларға, яғни жеті еседен артыққа өсті», деп атап өтті ол.

Атырауда мұнайшылар жаппай көтеріліске шықты

Батыста тағы да жұмысшылар бас көтерді, деп хабарлайдыКТК телеарнасы.

Атырау облысындағы мұнай  нысандарын салатын “Сенімді құрылыс” компаниясының жұмысшылары жұмыс режимі мен жалақы мөлшерінің бір-біріне мүлдем сәйкес келмейтінін айтады. Талап қойған қандастарымызды компания біртіндеп жұмыстан шығара бастапты.

Бұрғылап,  қара байлықты тонналап төңкеретін құрылыстарды салады. Дегенмен қаннен-қаперсіз жүрген жұмысшылардың талабы біреу, жалақыны көтеріп берсін дейді. Бірнеше күн болды,  талап арыздарын айтқанына, алайда мойын бұрған бірі жоқ.

Жұмыстан қуып,  жатақханадан шығарамыз деп шатақ шығарғандары болмаса. Бүгін қазақша түсінбейтін басшылық аудармашысын ерте келді, ерлерді тыңдады.

Басшының қосшысы да бар. Ол да бүгін қарапайым жұмысшылардың айлығы шайлығына жетпейтінін бірінші рет естіген кейіпте. Кейіген ел пайда көксегеннен болмаса,  қанағатсыздықтың құрты кеудені кеулегеннен емес, айлық шайлыққа жетпегесін жиналдық дейді. Және  “жалақы өсірдік”деп бақыр тиынға телмірпегін деп тепсінді.

Қайткенде жанды бағамыз, қайтіп ақша табамыз деп көрші өңірлерден келген қандастарымыз соңғы күндері қыспаққа түскен. Күштеп,  қазіргі жағдайға көңіл толады деген қолхаттар толтырта бастапты.

Ал шынтуайтқа келген батыстағы бауырлар 10 айда бір қызметтік киімнің берілетіндігіне де қапа. Әзірге талабын айтқан бауырлардың алдынан өтуге шенеуніктердің ешбірі шешілмепті.

Ертең бұлардың да бүлікші атанбауына сенім жоқ,  демек. Тек облыстық прокуратура ғана осы істі бүге-шүгесіне дейін зерттеп жатқандығын жария етті.

Мақсат Ермеков, Атырай облыстық прокуратурасының бас прокуроры:

– Біз қазір мердігер компания басшыларымен мен сөйлестік,  олар жұмысшылар  жалақысын 25 пайызға котеруге клісіп отыр.

Прокуратураның ресми мәліметінше,  бас көтерген қандастардың саны 315 болған. Ал сенімді сейілткен “Сенім Құрылыс” компаниясы жұмысшыларын “жалақымен жарылқаймыз” деді, кеш бата. Әзірге 25 пайыздық үстемеге тек 290 құрылысшы қол қойған. Қалғандарының талаптары “бейсенбіге дейін қанағаттандырылады”  деп сендірді компания басшылығы бір ауыздан.

Мемлекеттік органдарда артық автокөліктер анықталды

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінен соң журналистерге сұхбат берген Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Утепов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, өткен жылы мемлекеттік меншік нысандарын мақсатсыз пайдалану бойынша өткізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде 922 мемлекеттік органда 270 артық автокөлік анықталды.

“Әрине, бұл автокөліктерді біз, ең алдымен, басқа мемлекеттік органдар арасында таратып беруге тырыстық. Себебі кейбір мекемелерде көлік тапшылығы барынша байқалады. Ал қалған автокөліктердің біраз бөлігі жекешелендіруге берілді. Ол, көбінесе, қымбат машиналар”, – дейді Э.Утепов.

Алғашқы Saulė пойызы Литвадан Қазақстанға аттанды

Контейнерлік Saulė пойызы Қазақстанға Клайпедадан  аттанды. Алматыға 45 контейнерден  тұратын кең тұтынуға арналған тауарлары бар құрам 8  тәуліктен кейін жетеді, деп хабарлайды Delfi порталы.

Бұл жобаның бастамашысы, VPA logistics басқармасының төрағасы Жильвинас Жилинскас Saulė пойызы Алматы-Клайпеда бағыты бойынша айына екі рет жүретін болады.

Saulė пойызының бірінші құрамы Қытайдан 2011 жылдың 28 қазанында шығып, 18 күнде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Литва, Польша және Германиядан өтіп 11 мың дерлік шақырымды еңсеріп, Антверпенге жетті.

Яндекс.Метрика