Home » "Коммунист Казахстана" » Елімізде коммуналдық төлемақы мөлшері тағы көтерілмек

Елімізде коммуналдық төлемақы мөлшері тағы көтерілмек

Тағы бір көңіл көншітпейтін ақпарат – тарифтер де өспек. Елімізде коммуналдық төлемақы мөлшері тағы көтерілмек. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Алдағы уақытта Үкімет тарифті бір деңгейде ұстауға қауқарсыз.

Қазақстандықтар тағы да Ресей тәжірибесіне қарап отыр. Онда жылу, су, жарық бағасы бұрыннан қымбаттаған. Ал біздің елде коммуналдық қызмет ақысы шамалы ғана өсті, деп санайды шенеуніктер. Бұл үшін бағаны жасанды түрде тұрақтандыруға тура келді. Бұдан былай Үкіметте мұндай тарифтік саясатты жүргізуге шама жоқ. Мамандардың пікірінше, бұл құлдырауға әкеп соғады. Қазірдің өзінде көптеген коммуналдық мекемелердің құрал-жабдығы тозған. Сондықтан монополистерге көршілес елдің нарығымен теңелуге мүмкіндік беріліп отыр. Бірақ бағаның өсімі бірден емес, кезеңімен жүзеге асады деп күтілуде.

Яндекс.Метрика