Home » "Коммунист Казахстана" » Фотосурет байқауы

Фотосурет байқауы

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай «Туған жерім – Қызылорда» атты фотосуреттер конкурсын өткізді. Фотосурет өнерін жетік меңгергендер де, бұл саланы жаңа игере бастағандар да байқауға қатысты. Фотосурет жанрына және Қызылорда пейзажына немқұрайлы қарамайтындардың барлығы қатысушылар арасынан табылды. Байқау туралы хабарландыру «Қоғам тв» телеарнасынан жарияланып, қала тұрғындары оған белсене қатысты. Бәйге шарттары  бойынша суреттер үстіміздегі жылдың 3-қыркүйегіне дейін қабылданып, нәтижесі 5-қыркүйек күні жарияланды. Қатысушылардың жалпы саны 17 адам болды,соның ішінде ең мықты деп таңдалған үшеуінің фотосуреттері іріктеліп, жеңімпаздарымыз ақшалай сыйақыға ие болды. Бас жүлдені «Самала» газетінің фототілшісі Сейсеналиев Құдайберген иеленді. Ол өзінің жетік маман екендігін, фотосурет жанрының қыр-сырына қанық екендігін дәлелдеді. Екінші орынды жас өнерпазымыз Байнашов Әділет алса, үшінші орын иегері жас қызымыз Досмаханова Мөлдір атанды. Жергілікті тұрғындарымыздың фотосурет өнеріне деген қызығушылығы біз ойлағаннан әлдеқайда артық болып шықты, әсіресе жастарымыздың бұл өнерге құштарлығы қуантарлық жай. Өнердің қай түрі болса да тамсануға, мақтануға тұрарлықтай, егемендігіміздің 20 жылдығы қарсаңында түрлі өнерпаздарымыздың еңбектері халық алдына шығып, кеңінен танылып жатыр. Қазіргі жастарымыздың болашағы жарқын болу мақсатында оларға барлық жағдай жасалғаны сөзсіз, ендігі кезекте олар өз жолдарын таңдап, еліміздің азаматы деген атқа лайықты болуы үшін күштерін салса деген ниеттеміз!

ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің баспасөз хатшысы Жүнісова М.

Яндекс.Метрика