Home » "Коммунист Казахстана" » Где совесть правительства?

Где совесть правительства?

Мажилисмен требует, чтобы Кабмин исполнил свое обещание, данное народу пять лет назад.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К.Қ.Мәсімов мырзаға

Депутаттық сауал

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы

Менің атыма Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының, Ақтөбе а/о, Ғ.Мұратбаев, Жаңа дәуір, Қия жол, Бірлесу, Қызыл әскер ауылдарының бір топ тұрғындары, яғни барлығы 150-ден астам адам қол қойған арызы келіп түсті.

Арызда аталған ауданның бірнеше елді мекенінің тұрғындары 2008 жылғы 20-21 ақпандағы су тасқынынан зардап шеккенін, ал 2012 жылғы 19-20 ақпандағы нөсер жаңбыр мен қар суының еруі осы үйлерді апатты жағдайға әкелгенін, 152 үй құлап, жарамсыз болғанын айтып дабыл қағады. Тұрғындар құрылған комиссияның тізіміне көптеген жекелеген үйлердің енбей қалғандығын хабарлайды. Зардап шеккен үйлердің иелеріне сол кезде құрылған комиссия тарапынан тізімге алынып, үйлерге келген нақты залал мезгілінде анықталып, белгіленбегендіктен тиісті өтеу шығындары төленбеген. Биылғы жылдың қысының қарлы болуы жағдайды одан әрі ушықтырып отыр, қазір қар еру үстінде, бұрыннан да апатты жағдайда тұрған үйлердің жағдайын одан әрі күрделендіре түсуде.

Арыз иелері осы төтенше жағдай бойынша құрылған комиссияның жұмысына сенімсіздік білдіріп, кейбір үйлердің, тіпті ауылдардың тізімге алынбағандығын айтады. Әртүрлі құзырлы органдарға 8 мәрте арыз жазған. Облыс прокурорының бірінші орынбасары Ғ.Миразовтің тұрғындарға қайтарған жауабын зерделейтін болсақ, су тасқынынан келген зардапты қалпына келтіру мақсатында құрылған комиссия келтірілген залалдарды анықтау және шығынды өтеу барысында заң бұзушылықтарға жол бергендігі анықталған. Тұрғындар осы жағдайлар бойынша тексеру комиссиясын жіберіп, бөлінген қаржының жұмсалуын мұқият тексертуді талап етеді.

Сізден аталған елді мекендердің тұрғындарына табиғи апаттың тигізген көлеміне қарай өтемақы алуы үшін заңнамаға сәйкес ықпал етуіңізді сұраймын.

Депутаттық сауалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіптермен қарап, жауап қайтаруыңызды сұраймын.

Құрметпен ,

Мәжілістегі ҚКХП

«Халықтық коммунистер»

Фракциясы жетекшісінің

орынбасары Ж.Ахметбеков

Яндекс.Метрика