Home » "Коммунист Казахстана" » Германияда қымыз фестивалі өтті

Германияда қымыз фестивалі өтті

Германияның Валдбрун аймағында 400-дей жылқысы бар фермер Ханс Цоллманн жексенбі күні бие сүтінен жасалған косметикалық крем-сабынмен қоса, қымыз қосылған дәрумен, балаларға арналған құрғақ сүттер фестивалін өткізді.

Күніне 200 биенің жүзін сауып, сүтін түрлі мақсаттағы өндіріске пайдаланып келе жатқан Цоллманн мырза қымыз сүтін пайдалану дәстүрін қазақтардан алғанын айтады.

Оның айтуынша, совет-герман соғысында жараланып, тұтқынға түскен қайын атасын қазақ отбасы саумалмен емдеп жазып алған.

Осыдан кейін неміс тұтқыны болған Рудольф Шторх еліне жеткенде қымыз дәмін ұмыта алмай, 1959 жылдан бастап Германияда жылқы шаруашылығын дамытқан.

Содан бері оның ұрпағы қымыздың адам денсаулығына пайдасын Еуропаға паш етуге тырысып келе жатқандарын айтады.

Яндекс.Метрика