Home » "Коммунист Казахстана" » Халқым деп тебіренткен жүрегі…

Халқым деп тебіренткен жүрегі…

 Адам дүниеге келгенде баянды ғұмыр, тағылымды өмір кешсем деп талпынатыны бар. Өмір жолының биігіне көтеріліп, асуына да шығуға ұмтылады. Осы ғұмырнамада бағы асып, бақыты тасыған дәрежеге жетсем дейтін тілекте де жүреді.

Әңгіме арқауы да – осындай өмірге құштар жан жайлы өрбімек. Ол – Жамбыл Ахметбеков.

Қарапайым отбасында өмір есігін ашып, есейген жан көп балалы шаңырақта тәлім-тәрбие алды. Шыбықты ат қып мінген балғын балалық шағы да көз алдынан көлбеңдеп өте шықты. Бесіктен белі шықпай жатып, ауылдағы қара жұмысқа жегіледі. Оны ерте есейткен де осы қыры еді. Оны ерте есейткен

Қарап отырсақ, он бес жасында ауылдағы темір тұлпар- трактордың рөліне отырса, еңбегі жанып жиырмадан енді асқанда Қызылсай ауылдық округінің депутаты болып сайланды.

Қазақта: «Болар бала жасынан» деп те тегін айтылмаса керек – ды. Осылай жастайынан елдің аузына ілігіп, жеке басынан гөрі қоғамдық мүддені жоғары қоя білді. Халқының қамқорына да айналып, талай адамның алғысын арқалады. Қолынан келген көмегін де аяп көрген емес. Қашан да басқаға қол ұшын беруге даяр тұрар еді.

Осы жылдар ішінде екі жоғары білім алып, өзінің білімге деген құлшынысын арттырды. Үлкенге ізгі, кішіге үлгі боларлық қырлары да оны ерекшелеп тұратын-ды.

Міне, елі үшін ерең еңбегімен көріне білген ол Коммунистік партияға мүше болуды қалады. Халық сенім артып, кандидат етіп ұсынғанының астарында да осы жайлар жатқан болар.

Ол билік басында болу қаншалықты жауапкершілікті, күрделі екенін айқын түсінгенімен, оған артқан үмітті ақтамауға қақысы жоқ деп шешті. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес үкіметі кезіңдегі қызмет атқара жүріп, орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Жамбыл аужанұлы партия хатшысы болып атқарған мерзімнің өзінде-ақ өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, ой өрісі биік, тағылымы терең жан екенін талай мәрте дәлелдеді. Осынау күрделі замаңда туған абзал азамат.

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, …деп айтқан Жұбан ағамыздың сөзін келтіру дұрыс болатын шығар.

 

Ысқақов Мұхамеджан

 

 

 

Яндекс.Метрика