Home » Депутаты от КНПК » Халық қалаулысы солтүстік Қазақстан жұртшылығымен қауышты

Халық қалаулысы солтүстік Қазақстан жұртшылығымен қауышты

Мәжіліс депутаттары аймақтарға іс сапармен аттанды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Айқын Ойратұлы Қоныров іс-сапар аясында Солтүстік Қазақстан облысына бет алды. Жұмыс сапарын ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің белсеңділерімен және жұртшылықпен кездесуден бастады. Кездесу «Республикалық Ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында өтті. Кездесуге елуден астам кісі қатысып, өздерінің көкейтесті сауалдарын ортаға салды. Әсіресе, тұрғын үй коммуналды шаруашылық айласындағы «Тұрғын үйді жаңғырту» мемлекеттік бағдарламаның іске асу барысы, әлеуметтік мәселелер кеңінен талқыға салынды. Аталған бағдарламаның орындалу барысы солтүстікқазақстандықтардың көңілінен шықпайтындарын жеткізді. Петропавл қаласындағы Брусиловский көшесінде орналасқан үйлерді жөндеу

дұрыс қанды іске аспауын айтып, осы мәселені қарастыруға депутаттан көмек сұрады.

Келесі бір күрделі мәселе, ол зейнетақы және жәрдемақы. Қазақстандағы зейнетақыны реттейтін заңнамаға, лайықты зейнетақы төлеуге мүмкіндік беретін өзгертулер енгізілсін, «Ардагерлер» туралы заң қабылдансын, «Соғыс балалары» атты статусы заңмен бекітілсін деген ниеттер білдіріліп жатты.

Кездесуге келгендердің көпшілігі әйелдердің зейнетке шығу жасының ұлғайтылуына наразы екендерін жеткізді. Таяу арада Мәжілісте Айқын Қоныровтың үкіметке жолдаған депутаттық сауалында, аналардың балаға қарау жәрдемақының үш жасқа төленуі туралы атап өткен болатын. Осы мәселе халық арасында қолдау тауып, депутаттың ең көкейтесті мәселенін көтергені туралы айқын болды.

Тағы бір айта кететін жәйт, ол аталмыш кездесулер қажет әрі пайдалы екені. Тек халықпен тікелей қарым қатынаста бола тұра, халықтың тұрмыс жағдайын анық біліп, қандай жағдай екенін халық қалаулылары біле алады. Кездесуге келгендер депутатқа өздерінің қойған жауаптарына толыққанды жауап алып, тағы да кездесуге ниеттерін білдіріп жатты. Және де жеке сұрақтар бойынша обкомның Мира көшесі, 136 мекен жайында орналасқан ғимаратында депутат бірер күн қабылдайтынын атап өтті.

Яндекс.Метрика