Home » Кызылординский обком » Халық арасында

Халық арасында

Қызылорда облысы төңірегінде экономикалық-әлеуметтік мәселелер бойынша тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы обкомының жанынан қоғамдық қабылдау бөлімі өз жұмысын жаңғырта бастады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарландыруға халық бірден бет бұра қоймады. Олардың айтуынша әлуметтік мәселелер таусылмас дау, қарапайым халық бұл мәселелердің бүгін-ертен шешім таба қоятындығына күмәнді. Сол себепті, облысымыздың партия белсенділері хабарландыруды өз қолдарымен таратуға шықты. Партия мүшелері адамдар көп шоғырланған жерлерде үнпарақтар тарата отырып, халықтың сұрақ-сауалдарына жауап беріп, хабарландыруды өз қолдарымен берді. Біздің мәселеміз қандай деңгейде қаралмақшы, оны көтеріп жарты жолда тастап кетпейсіздер ме, сіздерге сенім артуға болады ма? деп жан-жақтан қойылған сұрақтарға жауап беріп те үлгіріп отырдық. Қолымыздан келгенше көмегімізді аямайтындығымызды, қарапайым халықтың мүддесін қорғау біздің басты ұстанымымыз екендігін түсіндірдік. Әрине, сан қилы таусылмас тұрмыстық мәселелерден халықтың шаршағаны байқалып тұр, бірақ бізге ешкім қол ұшын беріп, біздің жағдайымызды түсінбейді деп отыру да қате түсінік. Егемендігімізді алып, қолымыз аузымызға жетіп, БАҚ жарияланымдары еркіндікке жеткен шақта, мәселелердің әлі де сол баяғы қалпында қалып қойғандығы қателік. Республикамызды алдыңғы қатарлы елдердің қатарына сүйреп келіп, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын елемеу мүмкін емес. Тек халықтың жағдайы жақсарған шақта ғана еліміздің өркендеуі алға баспақ, мұны Республикамыздың кез-келген азаматы түсінеді. Біздің партияның да көздеген мақсаты осы. Елімізде бейбітшілік пен қатар қарапайым халықтың әл-ауқатының жақсаруы. Олардың қиындығы жалпы жұртшылықтың қиындығы деп біліп, бір ауыздан жұмыла мәселенің шешілуіне ат салысу. Халықтың жүрегіне сенім отын жағып, сол сенімнен айырылып қалмай, абыроймен жұмыс атқару, бүгінгі таңдағы біздің басты міндетіміз.

ҚКХП Қызылорда обкомының

Баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика