Home » Кызылординский обком » Халық игілігіне қызмет

Халық игілігіне қызмет

Үстіміздегі жылдың 2-ші тамызы күні Қызылорда облыс  әкімдігінің мәжіліс залында саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен облыс әкімі жанындағы саяси партиялармен байланыс жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы болып өтті. Кеңестің мақсаты – саяси партиялар мен мемлекеттік органдар арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе теңдігін іздеу, қоғамды топтастыру, қоғамдық процестерді одан әрі демократияландыруға бірлесіп қатысу.

Қызылорда облысында республикалық 9 саяси партияның облыстық филиалдары мен комитеттері жұмыс жасайды. Атап айтқанда: 1) «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы; 2) Республикалық социал-демократиялық «Ауыл» партиясы; 3)  «Қазақстан патриоттар партиясы»; 4) Республикалық «Руханият» партиясының облыстық филиалы; 5) Республикалық «Ақ жол» демократиялық партиясы; 6) Қазақстан коммунистік партиясы; 7) «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы; 8) Республикалық «Әділет» демократиялық партиясы және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы.

Кеңес отырысында Елбасының 2012 жылғы 10-шілдеде жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласының қазақстандық қоғамды жаңғырту саласындағы жаңа бастамасы талқыланды

Кеңес отырысынан облыс әкімінің міндетін атқарушы,  Р. Нұртаев төрағалық жасады. Отырыс барысында саяси партиялар Елбасы тапсырмаларынан туындайтын міндеттер туралы өз ойларымен бөлісіп, төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды.

-«20қадамды» жүзеге асырудағы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ролі тақырыбында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Болатбеков;

-Отандық және Қазақстанда жұмыс жасайтын шетелдік бизнестің жауапкершілігін арттыру жолдары тақырыбында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты А.Тұртаев;

-Халық игілігіне қызмет етер – «20 қадам» тақырыбында «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» облыстық комитетінің І-хатшысы Ж. Досаев;

-Елбасы мақаласына сәйкес әлеуметтік жаңғырту үдерістеріндегі жастардың үлесі тақырыбында Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Ж. Базартай хабарлама жасады.

Жиын соңында қатысушылар өзара – пікір алысып, кеңес төрағасы Р. Нұртаев алдағы жоспарда осы сияқты кездесулер кеңес мәжілістерінде межеленгенін мәлімдеді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

Қызылорда облыстық комитеті

Майра Жунусова

Яндекс.Метрика