Home » Мангистауский обком, Партийная жизнь » «Халық коммунистері» Елбасының Жолдауын ел арасында насихаттауда

«Халық коммунистері» Елбасының Жолдауын ел арасында насихаттауда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков және «ҚХКП» Маңғыстау облыстық комитетінің хатшысы Рухия Алдонғарова, Жаңаөзен қаласында болып, жаңадан ашылған әлеуметтік нысандарды аралады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің 2050-шы жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатында Теңге және Қызылсай ауылының тұрғындарымен кездесті.

Жамбыл Ахметбеков сапарын Теңге ауылының мәдениет үйіне барудан бастады. Ол «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жұмысы және өзінің ҚР Парламент Мәжілісі әлеуметтік -мәдени комитетінің құрамындағы заң жасау іс-әрекеті жөнінде айтып берді.

– Жаңаөзен қаласына алғаш рет келіп отырмын. Қалада әлеуметік саладағы жұмыстардың атқарылғаны көрініп тұр. Қала маңына қарасты екі ауылда үлкен мәдениет үйінің салынғанына қуаныштымын. Өйткені мұндай мәдениет үйлер елімізде көп кездесе бермейді. Жаңаөзеннің болашағы зор, – деді Жамбыл Ахметбеков.

Осы күні Жамбыл Әужанұлы Теңге ауылы дәрігерлік амбулаториясы және Қызылсай ауылындағы мәдениет үйін аралады.

Кездесу ардагерлер үйінде өткен қызылсай ауылының ақсақалдарымен сұхбатқа ұласты. Қатысушылар «Алдағы уақытта Қызылсай ауылына аурухана салып берсе екен деп өтініш тілектерін білдіріп», іс-шараны қорытындылады.

 

ҚХКП Маңғыстау облыстық комитетінің баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика