Home » Партийная жизнь » Халық үмітін арқалаған ер-азаматтар!

Халық үмітін арқалаған ер-азаматтар!

Алдымыздағы жылда өтетін Қазақстан Республикамыздың жергілікті өкілетті органдары мәслихаттарға ҚКХП Астана қалалық комитетінің қолдауымен кандидат болып тіркелген Оразханов Нұрдәулет, Әбішев Азат, Тараканов Антон, Стефопулос Павел азаматтарын ҚКХП Астана қалалық комитетінің активі шын жүректен құттықтайды.

Нұрдәулет өзінің біліктілігі мен іскерлігінің арқасында үлкен шындарға жететінінде ешкімнін күмәні жоқ, Азат өзінің жасына қарамастан, қайран жиырма бесті енді арқалаған болса да, мәнді де мағыналы өмірінің еңбек жылдарын коммунистік идеялармен тығыз байланыстырып, партия қатарында өзінің елеулі орнымен ерекшеленген, Антон азаматымыз тындырымды істерімен айшықталып, өзінің ақыл-ойының тереңдігімен белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз, Павел болса коммунистік партия идеяларының қыр-сырын танып-білуге аса құлшыныс білдіріп, әріптестерінің алды болып жүр.

Аталған азаматтарға бақыттын баяндысын, дәулет-ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, ниет білдіріп бастағалы істері оңға басып, жетістіктері тау суындай таусылмасын деп тілектепсіз.

Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Ұ.Байзақова және комитет ұжымы

Яндекс.Метрика