Home » Атырауский обком » ХАЛЫҚТЫҚ КОММУНИСТЕР АТЫРАУДЫ АРАЛАУДА

ХАЛЫҚТЫҚ КОММУНИСТЕР АТЫРАУДЫ АРАЛАУДА

Атырау мәслихатының депутатына үміткер Жұмажан Үмбетбаев №34 мектепте жерлестерімен болған басқосуда компартияның сайлауалды тұғырнаманы таныстырды. Коммунистер әлеуметтік мәселелерді шешіп, жұрттың жағдайын жақсартуға басымдық беретінін жеткізді.

«Компартия билікті халыққа қайтару арқылы Қазақстан Халық Республикасын құруды мақсат еткен. «Сондықтан, біз экономиканың негізгі салаларындағы мемлекеттік меншікті, әлеуметтік кепілдіктер көлемін қалпына келтіріп, көбейтеміз», – деді Жұмажан Үмбетов.

Жиналған жұрт әлеуметтік теңдікке қол жеткізу жазылған тұғырнамаға оң баға беріп, саяси сайыста коммунисттерді қолдайтындарын білдірді.

Сайлаушылар өз талап-тілектерін де жеткізді. Мәселен, қаладағы «Алмагүл» шағын ауданына жаяу жүргіншілер жолының қажеттігін, мектеп ауласының тарлығын және мұғалімдер жалақысының төмендігін тілге тиек етті.

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика