Home » Алматинский горком, Партийная жизнь » ХАЛЫҚТЫҚ КОММУНИСТЕРДЕ ҚЫТАЙЛЫҚ КОММУНИСТЕР ҚОНАҚТА БОЛДЫ!

ХАЛЫҚТЫҚ КОММУНИСТЕРДЕ ҚЫТАЙЛЫҚ КОММУНИСТЕР ҚОНАҚТА БОЛДЫ!

ҚКХП Алматы қалалық комитеті бұл жолғы Тәуелсіздік күнін жылдағыдан ерекше қарсы алды. Әдетте, отбасыларымен бірге мерекелік дастархан жайып, таңнан қара кешке дейін дайындалатын қызметкерлер, бұл күні таң сәріден бастап кеңседе жүрді. Оның өз себебі болатын. Аспан асты елінен Қытай коммунистік партиясының (ҚКП) өкілдері алғаш рет Алматы қалалық комитеттің қонағы болды.

Бұған дейінде кездескен қазақстан және қытай коммунистері бірін-бірі көргенде, ертеден сағынысқан достарын көргендей құшақ жая амандасып, достық кездесу басталып кетті. Алғаш болып өзінің алғы сөзімен ҚКХП Алматы қалалық комитеттің хатшысы Елнұр Бейсенбаев сөз сөйледі:

− Біз сіздерді Қазақстан жерінде көргенімізге өте қуаныштымыз. Біздің партияның мүшелері бұған дейін Қытай елінде болып, сіздердің партияларыңыздың өкілдерімен танысықан едік. Онда елдеріңіздің саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірімен танысып, жақсы жаққа бет бұрыстарыңызды көрген болатынбыз.

Сонымен қатар Е.Бейсенбаев Қытай елінен келген қонақтарға Алматы қалалық комитеттің қызметкерлерін, сондай-ақ ҚКХП өмірімен, қазіргі жағдайымен, алдағы уақыттағы жоспары және мақсаттарымен таныстырды.  Өз кезегінде ҚКП ОК Партиялық мектебінің вице-президенті Ли Шулей:

Ең бірінші сіздерді Тәуелсіздік мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің кеңселеріңіз біздің алғашқы аялдамамыз.  Біздің мұнда келудегі мақсатымыз – Қазақстандық коммунистерге осы жылы 9-12 қараша күні Пекин қаласында 18-ші рет шақырылған ҚКП ОК III пленумы туралы таныстыру. Себебі Қазақстан біздің стратегиялық серіктесіміз, ал ҚКХП-мен достық қатынастамыз және саяси серіктесіміз. 

Бұл пленум соңғы 30 жылдың ішінде Қытай елінде болған үлкен саяси оқиға. Сол жөнінде қысқаша түсіндіріп кеткіміз келеді, себебі онда қойылған басты мақсат жан-жақты ақпараттандыру болатын. Пленумның соңында Қытайдың әлеуметтік-экономикалық, мәдени салалырында жан-жақты реформа қабылдау керек деген қорытындыға келдік. Бұған дейінде көптеген жиындар өткізген болатынбыз, алайда бұл пленум біз үшін өте маңызды болып табылды.

Сонымен бірге Ли Шулей мырза қытай және қазақстан коммунистері арасында қарым-қатынас туралы, сонымен бірге екі елдің бірігіп атқаруға болатын шаруалары туралы да сөз етті.

Әрі қарай сөз кезегін «КУСО» ҚБ президенті, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚКХП Ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Холодков алды:

Мен профессор, ғалым ретінде сіздермен ғылыми деңгейде әңгімелессем деймін. Біз «Казахстанские ученые социалистической ориентации» ҚБ мүшелері, жыл сайын ғылыми конференциялар өткіземіз, халықаралық коммунистік қоғам алдында тұрған сұрақтарды талқылаймыз. Өкінішке орай Қытай елінің Коммунистік партиясы біз ұйымдастырған конференцияларға келмейді, сол себепті Ресей, Белоруссия және басқа мемлекеттен келген қатысушылар «көрші Қытай елі неге ғылыми талқылауларға қатыспайды?» деген сұрақтар қойып жатады. сіздерді сондай конференцияларға қатысуға шақырамын. Сонымен бірге өзім басшлық еткен КУСО-ның «Идей» журналын тарту етемін. Сіздермен саяси ғана емес, ғылыми тұрғыдан да қатынас орнатқымыз келеді.  

Жалпы бұл шараға Қытай елінен ҚКП ОК Сыртқы байланыстар бойынша басқарма министерлігі директорының орынбасары Цянь Найчэн,  ҚКП ОК Сыртқы байланыстар бойынша министрліктің Евразия секторының бастығы Бао Хон, сол сектордың қызметкері Суй Личжи, ҚКП ОК партиялық мектептің профессоры Чжоу Вэйлинь, Алматы қаласындағы ҚКП бас консулдығының баспасөз хатшысы Лян Юе және аудармашы Ван Фэй келген болатын.

Кезесудің соңында қытай және қазақстандық коммунистер бір-біріне сыйлықтар табыстап, естелік заттар берісті және алдағы уақытта байланыста боламыз деген үмітпен қоштасты.

 

Алматы қалалық комитеттің баспасөз хатшысы

Әзімхан Гүлнұр

Яндекс.Метрика