Home » "Коммунист Казахстана" » Халықтық Коммунистік партия жақтаушыларына ҮНДЕУ

Халықтық Коммунистік партия жақтаушыларына ҮНДЕУ

Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының еңбегі бағаланбайтын, өздеріне жоғарыдан қараушылық және кедейшілікпен кемсітілген  адамдардың сана-сезіміне ықпалының артып келе жатқанын сезіне отырып, ОК бюросы, партия қатарындағы адам саны қоғам алдында тұрған міндеттерді шешуге жауап бермейтінін мойындайды. ҚР Президентін сайлау кезеңіне біздің партия өзінің түпкілікті мақсаттарын атап көрсетіп, алға шығарды:

 – ел азаматтарын, олардың өмірін барлық ішкісаяси үдерістің ортасына қою;

– өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың жағдайын заңнамалық тұрғыда тәртіпке келтіру;

– жерге үлестік иегерлігі бар тұлғалардың сол аумақтағы барлық өнім түрлерін өндіруге құқықтарын қайтадан қалпына келтіру;

– жеке коммуналдық қызметтерді, олардың жұмысын басқаруға тұрғындарды қатыстыра отырып, акционерлік қоғамға айналдыру.

 ұл мақсаттарға тек Халықтық қалың бұқараның арасында партия мүшелерінің жұртшылықты белсенді іс-әрекеттерге тарта білетін жеткілікті саны болғанда ғана қол жетеді.

Партияға мүшелерінің саны қомақты болуы құрғақ мәртебе үшін емес, қоғамдағы демократиялық үдерістерді жылдамдату үшін қажет.

 Бізге демократиялық жаңғыру, жаңару жолында табандылық көрсетіп, батыл күресе білетін азаматтар қажет;

Бізге ақ-адал ниетті, ақиқат үшін күресетін, жеке бас мүддесі үшін емес, ел-халық үшін жанын пида қылуға бар азаматтар қажет;

Бізге жоғары адамгершілік құндылықтарды берік ұстаным еткен өз елінің патриоттары қажет.

 Біз білеміз, ондай адамдардың бар, және олар мызғымас, мықты идеясы бар партияның қатарында халық мүддесі үшін қасқайып тұруға қашан да дайын.

 Біз Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының қатарына көктемгі шақыру жариялаймыз

 Біз коммунистік қозғалыстың қазіргі таңда айтып-жеткізгісіз, өресіз күңкіл, өзге әңгімелермен ғайбатталып жатқанын сезінеміз, дегенмен кез келген парасатты адам оны шындық деп қабылдамайды деп сенеміз.

Демократиялық жаңару кезеңі туды, соның арқасында қалың бұқара көп нәрсені жоғалтқанымызды және адамдарға кезіндегі Кеңестік Қазақстанның толайым табыстарын қайтаруға дайын екенімізді түсініп отыр.

 

ҚКХП Орталық Комитеті

Яндекс.Метрика