Home » "Коммунист Казахстана" » ІСКЕРЛІК ІЗДЕР

ІСКЕРЛІК ІЗДЕР

Партия  қоғамнан  бөлек емес, керісінше  біте қайнасып кеткен. Демек  қоғами   мәселелердің шешілуінде  партиянын  атқарар  ролі ерекше. Қазақстан Коммунистік Халықтық  партяисының  Атырау  облыстық партия  комитеті  өткізген акциялардан соң осыған  көз жеткізгендей болдық.

Мәселен,  «Мектепке жол».

Акциясы  аясында   көмекке  зару  оқушыларға   біраз  қолдау  көрсетілді. «Комсомол» жастар қанатының  белсенді   мүшелері   ұйымдастырған  акция  қаладағы Ф.Оңғарсынова   атындағы  орта мектеп  пен С.Қазыбаев  атындағы №1 облыстық   балалар интернатында   болып өтті. Аталған   мектеп  оқушылары  мен  ата-аналары  және   ата-ананың  қамқорлығынсыз  қалған балалардың  қатысуымен  өткен акция  қалалық  демалыс паркіндегі  спорттық  шараларға ұласты.  Балаларды ширақ қимылдауға, сергектік қабілеттерін  арттыруға  бағытталған  шарада  жеңіл  атлетикадан  жарыс ұйымдастырылды. Он алты  жасқа дейінгі   балалар  қатысқан  бұл спорттық  шараның  балғындарға  көтеріңкі  көңіл-күй сыйлағаны рас. Нәтижесінде  жеңімпаздарға  былғары  доптар  тарту   етіліп,  балмұздақтар  үлестірілді.

Партия   комитетінің  бұқарамен біте байланысқа негізделген  шаралары бір  мұнымен бітпей, акция  артынша өңірлік  ауыл шаруашылығы өнімдерінің   жәрмеңкесіне  жалғасты. Тамыздың  жиырма  екісі   күні  болып өткен  бұл шара   «Атыраудың үздік  тауарлары» деген айдармен  өтіп,  жәрмеңкеде  қалаға жақын  орналасқан  жеке қожалықтардың  өнімдері  ортаға салынды. «Насиха» сауда  орталығында  ұйымдастырылған  жәрмеңкеде    әсіресе  көкөніс өнімдері  қол жетімді  бағамен сатылып, тұтынушыларға айтарлықтай  жеңілдіктер  жасалды. Жәрмеңкені  өткізуге  мұрындық  болған партия  комитетіне  дән риза  болған  тұтынушылар  шара  жиі  өтіп  тұрса  деген тілектерін  білдірді.

Сондай-ақ партияның  облыстық  комитеті «Қоғам  денсаулығы-  халықтық іс» атты акция өткізді. Аталған акция  Атырау облыстық  офтальмалогия  ауруханасында басталды.  «Ресей елімен  шекара  жақын  болғандықтан қала тұрғындары Астрахань, Волгоградқа  барып қаралуға,  реті келсе  айлап жатып  ем алуға құштар. Біз әрине  таңдауға   шек қоя  алмаймыз. Бірақ,  Атырауда  да таңдаулы, білікті  мамандардың   барын  ел білсе    дейміз.  Өз қаламызда  емделу біріншіден,  экономикалық  тұрғыда   тиімді болса,  екіншіден  науқастарды  емдейтін  өз дәрігерлеріміз», деді партияның   облыстық  комитетінің   бірінші хатшысы  Жәукен Көшенов  аталмыш  аурухананың бас дәрігерімен  әңгімесінде. Бұдан  әрі  аурухананың  бас дәрігері  Мұрат Құсайынов:  «Дербес ашылғанымызға биыл төртінші жыл толғанмен, аурухана облыста  ғана  емес,  өзге аймақтар  арасында да бедел  алып келе жатыр. Бұған  бірден-бір себеп, республикамызда   жоқ  замануи  құрал-жабдықтардың  біздің  ауруханамыздан табылуы  және олармен  жұмыс істейтін  білікті мамандардың болуы». Бас дәрігердің  айтуынша,  ауруханада    операциялар  тегін жасалатын  көрінеді.  «Амбулаториялық, күрделі  операциялар  ғана ақылы. Ең қымбат  дегені 74 мың  теңгеден аспайды. Ұлы Отан  және ауған  соғыстарының  ардагерлеріне, Чернобыль апатынан зардап  шегушілерге, алтын  және күміс  алқалы аналарға  жеңілдіктер  қаралстырлған» дейді бас дәрігер.

Бұдан әрі  акцияны  ұйымдастырушылар  аурухананы  аралап, аурухананың базалық  жағдайымен  танысты. Ауруханадағы аппаратармен таныстырушылардың  ішінде Атырау облысы   бойынша  суқараңғылыққа  жауапты  Әлия Советқызы, окулист Әсия Есенгелдина,  бірінші  дәрежелі   көз дәрігері  Венера Харасовалар  да бар. Одан әрі  ұйымдастырушылар  науқастардың  жағдайымен  танысты. «Мынадай мәдениетті  бірінші  рет  көріп отырмыз. Жасаған   емдері   көңілімізден  шығуда. Енді біздің өтінішіміз-ірі аудан  орталықтарынан  осы аурухананың  филиалын  ашса,  аудан,  ауыл  тұрғындары  қалаға шұбырмай,  тыйын-тебенерін үнемдеп, туған  жерлерінде  емделген  болар еді» -дейді құлсаралық  емделуші, еңбек ардагері  Қосан Сарғожиев. Қосан  ағаның  сөзіне  Келіс Тұрмағамбет  тегі, Саламат Әбдиров  атты науқастар  да қосылады. Біз де ауруханан мұқтаждығы  мен  емделушілер  тілегін  партия  комитетінің атқарушы  билікке жеткізетіндеріне  сендік.

ҚКХП  Атырау облыстық

комитетінің баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика