Home » "Коммунист Казахстана" » Көлік жүргізушілері коммунистерге ризашылығын білдірді

Көлік жүргізушілері коммунистерге ризашылығын білдірді

Қазақстанның Коммунистік Халық Партиясы жəне оның алматылық жастар қанаты мен «Болашақ» жастар қозғалысы халықты жол ережесін қатаң сақтауға шақыратын акция өткізіп жатыр. Шара бір ай бойы өтпек.

Алғашқысы өткен жұмада Алматы қаласы Абай-Байтұрсынов көшелерінің қиылысы, Балуан шолақ Спорт сарайының алдында басталды. Күздің алғашқы сіліңгір жауынына қарамастан, жастар үнпарақ таратумен болды.

Бір ай ішінде 40-қа жуық жастар жол ережелерін қатаң сақтауға шақырған 20 мыңға жуық үнпарақ таратпақ. Ол үнпарақ-купонды алған адам автокөлігін бір рет тегін жууға мүмкіндік алады. Акция Балуан шолақ спорт кешенінен бастау алып, қаланың түкпір түкпіріне дейін жалғасты.

«Жол полиция мен қоғам ынтымақтасып, бірлесе əрекет еткенде ғана қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады», – деп есептейді жастар. Осы сəрсенбінің сəтті күнінде акция қайта жалғасын тапты. Бұл жолы коммунистерге қолдау білдірген студент қыздар аса белсенділік көрсетті.

Көлік жүргізушілері де разы. Үнпарақты алғандар қоңырау шалып: «Бұларың жақсы бастама екен. Жыл сайын жол көлік оқиғалары салдарынан 3 000 адам қаза тауып, 17 000 адам түрлі жарақат алатынын, ең сорақысы,

300-ге жуық сəби мен жасөспірім көз жұматынын білмеген едік. Енді жолда сақ болуға тырысамыз!», – деп алғыстарын білдіріп жатыр.

Санжар Арысов

Яндекс.Метрика