Home » "Коммунист Казахстана", № 25//05.07.2013 » КӨНЕ ТАРАЗДЫҢ БЕЙМӘЛІМ СЫРЛАРЫ АШЫЛУДА

КӨНЕ ТАРАЗДЫҢ БЕЙМӘЛІМ СЫРЛАРЫ АШЫЛУДА

ҚКХП Жамбыл облыстық Орталық Комитеттің 1-хатшысы Жанна Мамамшева мен жас коммунистер Тараз қаласында жүргізіліп жатқан археологиялық ескерткіштердің жүргізілу барысын көріп танысу мақсатында орталықтағы бұрыңғы базардың орнындағы  археологиялық  қазбалардың жұмысымен танысты. Жоспар бойынша ашық аспан астындағы музей-қала болатын  Ұлы Жібек жолының тоғыз торабында орналасқан көне қалаларының бірі болған Тараздың ашылмаған беймәлім  сырлары әлі де көп. Оған дәлел қазіргі таңда бұрыңғы Көк базардың орнында 2011 жылдан бері жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалардың нәтижелері болуда.  Қазіргі қаламыздың орталығындағы бұрыңғы базардың орнында ежелгі Тараз қаласы орналасқаны жайлы деректерді  атақты В. Бертольд академигінің жүргізген зерттеулерінен білеміз. 1938 году А. Бернштам мен  Г. Пацевич 2-6 метр тереңдікте қазбалар жасап, ежелгі қаланың кейпі мен мәдениеті жайында біраз мағлұматтар алды.  Естеріңізге сала кетейік,  бұрыңғы көк базарды көшіріп, орнында археологиялық қазбаларды ретімен жүргізуге көптеген еңбек сіңірілді. Өйткені, базарды жауып, басқа орынға көшіру  тарихтың белгісіз деректерін ашып, Тараздың ежелгі саяси-экономикалық, мәдени жәдігерлерді табуды аңсайтын азаматтар үшін арманға да айналған дәрежеге жетті. Ақыры… Базар көшірілді… Жұмыс басталды.  Туристік кластердің маңызды факторы  – ол туристтерді қызықтыра алатын аспекті – Тараздың ежелгі  қалашығы мен бірқатар тарихи ескерткіштер. ҚР археологтары ЮНЕСКО көлемінде қорғалатын нысандардың қатарына Таразда табылған көне қалашықты кіргізуді ұсынып отыр екен. Бұл жайында бізге «Археологическая экспертиза» ЖШС директоры Дмитрий Воякин хабарлады. X-XV ғасырларға жатқызылатын көне Тараз қалашығының қазіргі жерлерінде осы уақытқа дейін мыңдаған жәдігерлер табылды. Көне ақшалар, құмыралар мен түрліше зергерлік бұйымдар мен әшекейлер… керамикалық ыдыстардың қалдықтары… Көне қалашықтың орналасқан жерлері нақты анықталды… Бұл да заңды, себебі бұрыңғы базардың орнында  көне қаланың цитадельдері, сарайы және басқа да құрылыстары болды. Арабша жазулары бар және крест элементтері бар керамикалық заттар өте көп, олардың бар болуы өзі қазіргі Тараздың жерінде түрліше этностардың тіршілік  еткендігі дәлел бола алады.  Үстіміздегі жылдың наурызында археологиялық қазбалардың үшінші кезеңі басталды. Облыс әкімі де жүргізіліп жатқан жұмыстың барысымен танысып, қыркүйекке дейін жұмыстар бітіп, нәтижелері бойынша туристтік нысандарды салу жұмыстары басталатынын жеткізді. Табылған археологиялық жәдігерлерді музеефикациялау жұмыстары бойынша жоба әзірленіп жатқаны туралы естіген Жанна Мамашева: «Бұл археологиялық жұмыстардың басталғанына 10 жылдан асты. Біресе басталады, біресе тоқталады. Базар басшыларының өз пайдасын ойлауы да заңды, алайда мен базар көшіріліп, жұмыс өз екпінімен жүріп жатқандығына қуанамын. Себебі, тарихи зона болып есептелінетін ежелгі қалашықтың орнында санитариялық нормалары да сақталмаған базардың саудасы жүрді. Былайша айтқанда тарихты аяғымен таптау ғой бұл. Ежелгі қаланың цитадельдері мен шахристаны бұл жерде орналасқан екен. Ал рабадтары қазіргі Тараздың маңында. Біздің өңірдің тарихы өте бай. Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында және қоғамның назарын аудару үшін археологиялық жастар лагерін ашу керек сияқты. Жастар да көмектесіп, бір жағынан тарих туралы білімдерін толықтырады, бір жағынан археологтарға кқол ұшын береді. Әрине табылған археологиялық қазбалардың  заттары музейлерде орын тапса жақсы, әйтпесе қаншама құнды жәдігерлер шетелдік және жеке меншік музейлерде тұр. Мәдени және тарихи мұрамызды сақтап, өскелең ұрпаққа қалдырып, насихаттауымыз керек. 2002 жылдың өзінде Тараз өз 2000 жылдығын тойлаған кезде тарихи құндылықтарымызды сақтауға қаржы бөлінеді деген уәделер айтылғаны есімде. Алайда нәтижесін енді көріп жатырмыз ғой. Ас ішерде керек деген халық даналығы бар. 20 мыңнан астам ежелгі заттар табылған. Оларды ұстап көрсең, көненің заты екеніндігін сезінесің.»

Өз кезегінде ежелгі қаланың ортасына барып қалған жас коммунисттердің ойынша: «Тараздың негізгі орны ежелгі цитадель мен шахристанда біз білмейтін қала тарихымен байланысты ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолының тіршілік тынысынан көптеген құнды деректер табылатынына күмәніміз жоқ. Қаламыздың туристтік-тарихи орталығына айналуға барлық алғышарттар бар, оларды дамыту мен қалыптастыру бойынша жобалар болса игі»

Кира Жасқазақова,

ҚКХП Жамбыл ОК баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика