Home » "Коммунист Казахстана" » Каратэнің философиясы саясаттың философиясына өте жақын

Каратэнің философиясы саясаттың философиясына өте жақын

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы ОК хатшысы:

– Жамбыл Аужанұлы, елі­міз­дегі ең маңызды сайлауға қа­­тысып, халық арасында ке­ңінен танымал болдыңыз. Сай­лау сізге танымалдылықтан бас­­қа не берді?

– Шын айтасыз, Президент сайлауы ме­ні халық арасында кеңінен танымал ет­ті. Көрген адамның бәрі «коммунист Жам­был келе жатыр» деп жатады. Бұл нау­қан маған сонымен қатар үлкен тә­жі­рибе бер­ді. Көпшілік түсіне бермейтін сая­­сат­тың қыр-сырына қанығуға кө­мек­тес­ті.

– Сайлаудың алдында сізде «жеңіс­ке жетемін» деген сенімділік болды ма?

– Егер өзімді-өзім ұсынған болсам, жеңіске жетуді ғана мақсат тұтқан болар едім. Мені партия үміткер ретінде ұсын­ғандықтан, сол партияның сөзін сөйледім. Жә­не алдыға қойған мақсатымызды то­лық орындадық деп ойлаймын. Бұл сайлау Қа­зақстан коммунистік халықтық пар­тия­сы үшін халық алдына шығуға қолайлы мін­бер болды.

– Жасыратыны жоқ, сайлаудан ке­йін­гі танымалдылығыңыз партия бас­шы­сынан да асып түсті. Партия ли­дерлігіне ұмтылмайсыз ба?

– Негізі, біздің партияда «төраға» де­ген лауазым жоқ. Хатшылар бір дәрежеде жұ­мыс істейді. Бұрын біз Владимир Ко­са­ревті лидеріміз деп ортамыздан шығарып, со­ның жағдайын жасап жүретінбіз. Ал сә­уірдегі сайлаудан кейін көпшіліктің назары ма­ған ауа бастағанын байқаймын. Және бұ­рынғы бағынышты мен басшы қарым-қа­тынасы емес, екі көшбасшы байланысы ор­най бастады. В.Косаревке екеуміз бірге қи­мыл­дасақ қана партияның жұмысын дөңгелете алатыны­мызды айттым. Ол түсініп, ойым­ды құптады.

– Бұрындары сайлауға қатысып, тә­жірибе жинақ­тап қалған саясат­кер­лер­мен бәсекелесіп, екінші орын ал­­­дыңыз. Бұның сыры не­де?

– Сайлауға түскен канди­дат­тар әдетте имид­­жмей­кер­лердің көмегіне жүгініп, аз ға­на уақыттың ішінде өзгеріп шы­ға келеді. Мен мұндай қол­дан жасалған өзгерісті ұнат­пай­мын. Осы ойымды штабы­ма ай­тып, неғұрлым қара­пайым болып шы­ғу­ға тыры­с­тым. Түр-тұлғам да, бағдар­ла­мам да өте қарапайым бол­ған­дықтан ба, халық мені жақ­сы қабылдады. Сайлау­дағы азда­ған жетістігімнің сы­ры осында шығар деп ой­лай­мын.

– Сізді гитарада ойнайды деп естідік. Қандай әндерді айтасыз?

– Мен мектеп кезінен гитараға әуес бол­дым. Мектептің, институттың ансам­блінің құрамында гитарада ойнадым. Сту­дент кезімізде құрған рок тобымыз да бол­­ған. Ақша табу үшін той-томалаққа шы­­ғып тұратынбыз. Кеңестік кезеңде жа­зыл­ған әндерді сүйіп тыңдаймын. Рок топ­та­рының ішінде «Машина времениді» ерек­­ше жақсы көремін. Машинамда рок сти­лінде жазылған әндерді ғана қосамын.

– Сіз каратэден қара белбеу ие­ге­рісіз. Каратэнің пайдасы сайлауда ғана болды ма, әлде өзіңізді қорғап қалған сәттеріңіз бар ма?

– Каратэмен жас кезімде тұрақты түрде айналыстым. Қазір аптасына бір рет қана уақыт бөліп жүрмін. Каратэнің фило­со­фия­сы саясаттың философиясына өте жа­қын. Шаршамауға, жеңілмеуге, жеңілсең, жа­сымауға өзіңді-өзің қайрайсың. Ка­ратэнің әдіс-тәсілдері емес, философиясы мені қиын сәттерден құтқарады.

– Саясаттан өзге ермегіңіз ғаламтор шығар деп ойлаймын. Өйткені жастар көп пайдаланатын «Мой мир» әлеу­мет­тік желісінде белсендісіз. «Мой мир­де» кімдермен сырласасыз?

– Сайлау кезінде ашқан «Мой мир» әлеуметтік желісінде қазірдің өзінде 1500-ден астам досым бар. Twitter, facebook сияқты әлемге кеңінен танымал әлеуметтік желілерді де пайдаланып жүрмін. Тілек­ші­­лерім, қолдаушыларым өздерінің ой-пі­­кір­лерін, идеяларын ортаға салып жа­тады. Көбінесе саясат, еліміздегі әлеуметтік жағ­­дай туралы пікір алмасамын. Тың идея­­­лар, орынды ұсыныстарды түртіп қоя­­­мын. Себебі алда Парламент сайлауы ке­ле жатыр. Тағы бір мүмкіндік берілгенде аталған мәселелерді көтеретін боламын.

– Партияларыңыз өзге саяси күш­тер­ге қарағанда өте белсенді. Ға­лам­тор­дағы сайттарыңыз да күн сайын бол­маса да, күнара жаңарып отырады. Бі­рақ қазақша «сөйлемей» тұр. «Жал­ғыз­дың үні шықпас, жаяудың шаңы шық­пас» демекші, партияның басы-қасында жүргендердің арасында өзі­ңіз­ден басқасы өзге ұлт өкілдері бол­ған­нан кейін жалғыз Жамбылдың үні шықпай жүрген жоқ па?

– Өте дұрыс айтасыз! Қазақ тілін еркін бі­летін мен ғана шығармын. Сайтты қазақ­ша­лауды айтып жүрмін. Бірден қазақшаға көшіп кетпесек те, қазақша материал­дар­дың үлесін кеңейтуге күш саламын.

– Есіміңіз Жамбыл ақынның құр­ме­тіне қойылған шығар деп ойлай­мыз. Ақындығыңыз жоқ па?

– Иә, есімімді жырларын бүкіл Кеңес Одағы сүйіп оқитын Жамбыл Жабаевтың құрметіне әкемнің орыс досы қойған екен. Ал енді ақындығым жоқ.

– Ақындығын бермесе, Жамбыл ба­баның жасын берсін дейміз, әңгіме­ңізге рақмет!

Автор: Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Яндекс.Метрика