Home » "Коммунист Казахстана" » Каспий теңізінде тағы итбалық қырылып жатыр

Каспий теңізінде тағы итбалық қырылып жатыр

Каспий теңізінде тағы итбалық қырылып жатыр. Биыл көктем аяқталмай жатып Маңғыстау облысына қарасты Баутино ауылы маңындағы теңіз жағалауынан 12 су жануарының өлексесі табылды.

Аталған аймаққа алдымен ерікті экологтар барған.  Олар итбалықтың жаппай қырылуына Каспийдің «қара алтынын» сорып жатқандардың салғырттығы себеп болуы мүмкін дейді. Сондықтан өлекселерді арнайы зертханаға жеткізіп, тексеруге кіріскен. Қазірдің өзінде  су жануарының ағзасынан улы заттар көп мөлшерде шығыпты.

Кирилл Осин, «Эко Маңғыстау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Бұл жағдай азоттың құрамы көбейіп кеткендіктен немесе мұнай қалдықтарынан улануы салдарынан тіркелген. Итбалықтың ағзасында химиялық улы заттар көп.

Айта кетсек, соңғы он жылдан бері Каспий теңізі жағалауынан 10 мыңнан аса итбалықтың өлексесі табылған. Соған қарамастан ресми органдар жыл сайын тіркелетін қырғынды оба ауруы мен ауа райының қолайсыздығы себеп деген қорытынды шығарады. Ал кейбір экологтар мұндай болжамға күдікпен қарайды. Сондықтан олар биыл тәуелсіз сараптама жасап, оның «шынайы қорытындысын шығарамыз»деп отыр.

Яндекс.Метрика