Home » "Коммунист Казахстана" » Кеңес үкіметінің заңы керек бізге

Кеңес үкіметінің заңы керек бізге

Біздің қоғамға коммунистерден алатын үлгі басқа жағынан қайдам, ал заңдық тұрғыдан өте көп.

Сол кездің заңын өзіміз сезініп, жазаланғандарды өз көзімізбен көрмесекте естуіміз ше əділ, əрі қатаң болған.

Ал бүгінгі ХХІ ғасырдағы біздің заңдар ше? Халықты түбімен қырып, елді əбігерге салып, қаншама шаңырақты қара жамылдырсаңда (Жаңөзенді айтам) 7 жыл, тауық ұрлап ұсталсаңда 7 жылға сотталасың. Егер бұл оқиға сол кеңес заманында коммунистердің билік тұсында болсыншы… жазасы басқалай болар ма еді?

Қайдам əйтеуір сол əлсіздік қой. Сосын қанымызға сіңіп, етіміз үйреніп кеткен кеңес заманының өшпес мұрасы жалтақтық. Бүгінге дейін сақталып, тіпті кейінгі ұрпақ біздерге, қала берді бізден кейінгілерге жетті. Соған қиналам. Бірақ ол заман қайта келмейді. Дербес тəуелсіз ел ретінде адал да таза жолмен жүрсек екен армандаймын.

Еркебұлан Асабей

28 жаста

Яндекс.Метрика