Home » "Коммунист Казахстана", № 42//06.12.2013 » Кездесу

Кездесу

Өткен аптаның сәрсенбісінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының республика көлеміндегі партия белсенділері жаппай ауыл, аймақ жастарын саламаттық пен сауаттылық, инабаттылыққа шақырамыз деген ниетте, «Жастарды өмірдің келеңсіз проблемаларынан қалай қорғай аламыз» атты акция аясында жастармен кездесуге ауыл-ауылға сапар шекті.

Солардың бірі Ақтөбе облыстық ҚКХП белсенділері біздің ауданда болып, Бадамша агротехникалық колледжі студенттері мен №1 Бадамша орта мектебінің оқушыларымен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Парламент мәжіліс депутатының көмекшісі, облыстық ҚКХП филиалының хатшысы Жанат Молдашев, екінші хатшы Бота Жумагулова, БАҚ хатшысы Алла Алмағанбетова, аудандық ҚКХП филиалының хатшысының міндетін атқарушы, жеке кәсіпкер Айжарық Сибағатовтар жоғарыда аталған оқу орындарында болды.

Партия мүшелерінің тілге тиек еткені бала болашағы, жастар тәрбиесі, діни теріс ағымдардан сақ болуды еске салып, әңгіме пысықтау төңірегінде өрбіді.

Қонақтар өз сөздерінде балалармен жасөспірімдер құқын қорғау, теріс ағымнан, жат қылықтардан бойларын аулақ ұстауға беиімдеу баршамызға ортақ міндет деген тәрбиелік мәні зор әңгіме желісін жеткізе айтты.

Айтса-айтқандай, бала тәрбиесі ортақ, коммунистер әңгімесі екі жақты түсінісітік – пікір сайыста өтті.

Қонақтар кездесуге құр қол келмей, колледж студенттеріне 5 теңбіл допты сыйға тартса, №1 БОМ-нің жаңа қонысына шашудай сарқыраманың бейнелі суретін сыйға тартты.

Сондай-ақ, қонақтар жастарға үндеудеи арнау сөздерін жолдады. Кездесу соңында қос білім орнының директорлары Ж.Карагулов, Л.Кужаковалар қонақтарға тәрбиелік мәні зор әңгімелері үшін алғыстарын жеткізді.

Жалпы алғанда, «Келісіп пішкен тон келте болмас», дегенді бабалар

тектен-тек айтпаса керек.

Бақыт Имашев,

Қарғалы ауданы

Яндекс.Метрика