Home » Партийная жизнь » ҚКХП үгіт-насихат поезы Қазақстанды аралауға аттанады

ҚКХП үгіт-насихат поезы Қазақстанды аралауға аттанады

Астана -2011  жыл.  22 желтоқсан  сағат 10-00  Республикалық штабтан Қазақстан Коммунистік  Халық Партиясының үгіт- насихат поезы  ел аралауға шығады

Үгіт- насихат  тобында – Владислав Косарев,  Жамбыл Ахметбеков, Борис Сорокин және  Гаухар Нұғыманова. Олар  Екібастұз-Павлодар – Семей-Өскемен  бағытында жол тартады.    Екібастұзда    муниципалды  базарды аралап,   «Богатырь» разрезінде болады. «Вершина» ЖШС  акт залында сайлаушылармен жүздеседі. Павлодарда осы облысқа қарасты  Қызылжар елді мекеніндегі құс фабрикасының жарты жылдан  бері жалақыларын ала алмай, еріксіз    ереуілге шығып жатқан  жұмысшыларымен  кездеседі. Келесікүні    Владислав Косарев Ұлы  Абай елі   Семейге аттанады. Орталық комитеттің өзге   хатшылары   Астанаға  оралады.  Семейдің   «Достық үйінде» Владислав Косарев   халықпен жүздесіп,  ертеңіне   Өскеменге барады.   Бірінші хатшы  Шемонайха, Бородулиха, Первомайский  аудандарының    тұрғындарыменкездесіп,  «Қазцинк»  АҚ,  «Үлбі метталургиялық зауыты»    АҚ ,  Бұқтырма ГЭС -інің және   цемент зауытының  жұмысшыларын сайлауалды тұғырнамамен  таныстырады.  Бұдан әрі  С. Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан Мемлекеттік   университетінде  облыс халқымен жүздесуі  жоспарланған.   Өскеменде Владислав Косаревке өзге облыстардың  үміткерлері  Галина Баймаханова мен Ирина Смирнова қосылып, олар  облыстағы білім  беру саласының қызметкерлерімен   кездеседі.

Осы күні  тағы партияның  бір үгіт-насихат  поезы  өз сапарын бастайды.  Үгіт- насихат тобы    Астананың  басты көшелерімен  жүріп,  тұрғындарды    Қазақстан   Коммунистерінің  Халық  партиясына  дауыс беруге үндейді.

Үгітнасихаттобыаттанатынжер:

Астана қ, Ш.Уәлихановкөшесі  9/2

Уақыты: Сағат 10 00,  22 -желтоқсан

ҚКХПРеспубликалықсайлауалдыштабыныңбаспасөзқызметі

тел: 8(7172) 46-63-49

тел-факс: 8 (7172)20-18-06,

2012knpk@mail.ru

Яндекс.Метрика