Home » СМИ о КНПК » ҚКХП «Нұр Отанның» бастамасын қолдайды

ҚКХП «Нұр Отанның» бастамасын қолдайды

«Нұр Отанның» Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауларын әділ де ашық түрде өткізу туралы бастамасын Қазақстан Коммунистік халық партиясы қолдайды.

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында партияның Орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков меморандумға қол қоятындықтарын айтты. Сайлау уақытында төзімділік пен сыйластық қағидаларынан аттамай, үгіт-насихат жұмыстарын Конституция мен заңға сәйкес ұйымдастыру мақсатында кеше «нұротандықтар» үндеу тастаған болатын.

Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы:

-Қазіргі кезде қара пиар немесе жамандау арқылы жүргізудің заманы өтті. Қазір сайлаушылар кім қайсы екенін, қайсы ақ, қайсы қара екенін бәрі біледі. Сондықтан, саяси бәсекелестікте ғана жүргізу, яғни, тұрғырнамалардың Қазақстанның алға басуына ықпал ете алатынына байланысты болуы тиіс. Міне, осыны ұмытпай, саяси партияларды мен де меморандумға қол қою шақырамын.

Яндекс.Метрика