Home » Кызылординский обком » ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің есеп беру сайлау конференциясы

ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің есеп беру сайлау конференциясы

Балаларды қорғау күні мерекесімен тұспа – тұс келген, шуақты жаз айының алғашқы күнінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің кезекті есеп беру сайлау конференциясы болып өтті. Жиналысқа ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы, Қ.Р Парламент Мәжілісінің депутаты Ж. Ахметбеков қатысты. Жиын қаламыздың орталығында орналасқан «Арбат» қонақ үйінің конференц залында өткізілді. Жиналыс залы ұйымдастырушылар тарапынан ҚКХП жалаулары мен қызылданған арнаулы ленталармен безендірілді.

Жиналысты ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің І-хатшысы Ж. Досаев ашық деп жариялап, партия комитетінің есебін баяндады. Содан соң тексеру комиссиясының төрағасы Е. Әлиев облыстық тексеру бақылау комиссиясының есебін берді.

Жиынға барлығы 29 делегат қатысты. Жиналыс барысында бірауыздан келісімге келе отырып, облыстық партия комитеті құрамын сайлау, облыстық тексеру бақылау комиссиясы құрамын сайлау және ҚКХП VІІ съезіне делегаттар сайлау сынды мәселелер шешілді.

ҚКХП Қызылорда облыстық партия комитеті 13 адамнан сайланды.

Облыстық тексеру – бақылау комиссиясы 3 адамнан: Әлиев Ерсайын, Байзілдаева Гүлшат, Ешниязов Алмас. Және

ҚКХП VІІ съезіне 4 делегат: Әлиев Ерсайын, Досаев Жұмабек

Ахметбеков Жамбыл, Өксікбаев Шамшадин сайлансын деген қаулы қабылданды.

Жиналыс барысында көтерілген ең басты мәселелердің бірі ҚКХП-ға тиесілі «Коммунист Казахстана» газетін қазақшаландыру болды. Баста айтылғандай 50 де 50 жүйесі ұсталмай отырғандығы, орысша басылымдардың үстемдігі, қазақша мақала аз да болса жазылғанымен, оның рубрика атауы әлі де орысша болуы айтылды. Ж. Ахметбеков жолдас бұл мәселенің алдағы съезде көтерілетінін, оның бастамасымен қазір қазақ тілді тілші редакцияға алынып, өз мақалаларын мемлекеттік тілде жазып жүргендігін айтып өтті. Қалай болған күнде де «Қазақстан» тіркесі тіркелген соң, газеттің

ең болмағанда жартылай мемлекеттік тілде болуына сұраныс білдіре алуымыз аспандағы айды сұрағанымыздай бола қоймас.

Сол сияқты жиында аудан, ауыл тұрғындарының тұрмыс-жағдайы қозғалып, сайлау алды және сайлаудан кейінгі жағдайлар сөз етілді. Жиын соңына қарай Ж. Ахметбеков жолдас қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар халықтың әлуметтік тұрмысы мен партия мүшелерінің қаржылық жағдайына қатысты болды. Конференция тәмәмдалғанда халық қалаулысы осы күнгі талқыланған мәселелердің барлығы жауапсыз қалмайтындығын, қаралатындығын айтты. Және де «халық сенімін ақтау мақсатында тер төгуге бірге ат салысайық!» деп ұсыныс жасалды. Алда әлі жұмыла жасайтын жұмыстар көп, қарапайым халықтың мүддесін қорғау біздің басты ұстанымымыз, ел ризашылығын алып, халқымызды бақытты күндердің жетегіне жетектейік!

ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің

баспасөз хатшысы Майра Жүнісова

Яндекс.Метрика