Home » "Коммунист Казахстана" » Үкімет «Газ және газбен қамтамасыз ету» туралы заң жобасын мақұлдады

Үкімет «Газ және газбен қамтамасыз ету» туралы заң жобасын мақұлдады

Елімізде көгілдір отынды ішкі нарыққа тасымалдайтын бірыңғай ұлттық оператор тағайындалуы мүмкін. Үкімет «Газ және газбен қамтамасыз ету» туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат енді Парламент қарауына жіберіледі. Елімізде өндірілетін көгілдір отынның 80 пайызы ілеспе газ. Заң жобасында Президент тапсырмасы бойынша ішкі нарыққа осы ілеспе газды тиімді пайдаланудың жолдары қарастырылған деді Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев. Сонымен қатар, құжат бойынша мемлекет саудаға шығарылатын көгілдір отынның көтерме бағасын реттей алады.

Осыған байланысты Астана және Алматы қалалары мен әр облысқа бірыңғай көтерме баға енгізу жоспарланып отыр. 2015 жылға таман ішкі нарықтағы көгілдір отынның мың текше метрі 59 доллар болуы мүмкін. Ал, жанар- жағармай құнына қатысты Сауат Мыңбаев Аи-80 мен дизель отынының құны шектелген баға аясында деп мәлімдеді. Ал, Аи- 92 маркілі бензиннің құнын одан әрі қымбаттатпау үшін Үкімет қажетті шараларды қабылдамақ.

Сауат Мыңбаев, ҚР Мұнай және газ министрі:

92-93 маркілі бензинге қатысты сұрақтар бар. Ресейде бұл бензиннің бір литрі 125 теңге болса, бізде 99 теңге. Бұл 25 пайыздық айырмашылық үлкен алшақтық. Сондықтан бұл мәселе бүгін ертең талқыланады.

Яндекс.Метрика