Home » "Коммунист Казахстана" » Үкімет құтқарушылардың жаңа түрін жасақтауға кірісті

Үкімет құтқарушылардың жаңа түрін жасақтауға кірісті

Сақтықта қорлық жоқ. Үкімет халыққа төтенше жағдай орын алса жәрдем беретін құтқарушылардың жаңа түрін жасақтауға кірісті. Оның құрамына 80-ге тарта мамандық иелері тартылмақ. Мұндай топ бірінші кезекте апаттың қай салада болғанына қарамастан жылдам әрекет ету үшін қажет.

Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай топ құрудың астарында Алматы секілді ірі қалада жер сілкінісі бола қалса қажет екенін жасырмайды. Жаман айтпай жақсы жоқ, егер оңтүстік астанада 8 балдық зілзала бола қалса, жағдайымыз қиын, өйткені дайындық осал.

Айта кетейік, жаңа құрылып жатқан топ әскери құрылымға жатпайды. Ал құрамына апатты жағдайларда жұмыс істеуге  қабілеті бар білікті мамандар алынбақ.

Яндекс.Метрика