Home » "Коммунист Казахстана" » Үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумы

Үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумы

Павлодар қаласында өткен үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумына Екібастұз қаласының этномәдени бірлестіктері, үкіметтік емес ұйымдар, Екібастұз ҚКХП атынан қалалық комитетінің төрағасы Нұғманова Гауһар қатысты.

Форум жұмысы “Славян” орталығының фойесіне қойылған көрмеден басталды.

Онда әрбір үкіметтік емес ұйымның істеген жұмыстары туралы ақпарат берілді. Біздің қаладан “Екібастұз” қоғамдық балалар қоры, “Солтүстік альянс” жастар қоғамдық бірлестігі, “Екібастұз болашағы үшін” қоғамдық бірлестігі, “Альтернатива” қоғамдық қоры, “Өмір” сауықтыру орталығы өз жетістіктерін көрсетті.

Пленарлық отырысты Павлодар облысы Азаматтық альянсы төрағасы Сергей Гуляев ашты. Ол Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар санының артқаны және азаматтық қоғамның үшінші секторының белсенді жетіліп келе жатқанын атап өтті. Алайда, үкіметтік емес ұйымдардың әлі де болса шешілмей келе жатқан мәселелері жеткілікті: үй-жайды жалға алудағы қиыншылықтар, мемлекеттік тапсырысты іске асыру, т.б.

Бұдан басқа, таяу арада құрылған ауылдағы үкіметтік емес ұйымдар жай сипатта ғана екені белгілі. Форумда сөз сөйлеген Павлодар облысы әкімі Бақытжан Сағынтаев, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар бір-бірінің жұмысын бақыламай, керісінше бірге қоян-қолтық жұмыс істеулері керектігін, қазіргі кезде мемлекеттік тапсырысты ұлғайтудың қажеттілігі туындағанын баса айтты.

-2006 жылы облыс мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасы 3 млн. теңгені құраса, биылғы жылы – 60 млн. теңге – екенін әкім атап көрсетті.

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысқа қатысты облыс қалалары мен аудандарында қаржыландыру мәселесі жеткіліксіз. Б. Сағынтаев қала мен аудан әкімдеріне осы мәселені зерттеуді және жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік тапсырыстар орналастыру бойынша нақты ұсыныстар берулерін тапсырды.

Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің баспа орталығы

Яндекс.Метрика