Home » "Коммунист Казахстана", № 42//06.12.2013 » Әкіммен кездесу

Әкіммен кездесу

Жуырда Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының мүшелері Құрманғазы ауданында іс-сапармен болды. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев Ғұсманұлы және Құрманғазы ауданының бірінші хатшысы Тұсалиев Жасталап Әнесұлы Құрманғазы ауданының әкімі Амангелді Кеңесұлы Барақатовпен кездесті.

Кездесудің мақсаты Құрманғазы ауданының бірінші хатшысы Жасталап Тұсалиев Әнесұлын аудан әкіміне таныстыру.

Кездесу барысында Ерболат Дәулетқазиев Парламенттегі үш партия бірлесіп жұмыс атқарып жатырған жұмысы туралы және партияның жаңа бағдарламасымен таныстырып өтті. Қазіргі уақытта партия қатарында комсомол жастары көбейіп, алты мыңға жуық мүше бар екендігін айтты. Атырау облысы әкіміне халық коммунисттерін қолдағаны үшін ризашылығын білдірді. Аудан әкімі Амангелді Кеңесұлы Барақатов Құрманғазы ауданының жұмыстарымен таныстырды. Алдағы уақытта халық коммунистерімен бірлесе жұмыс атқарып, халық үшін жұмыс жасалып, мақсатымыз бір екендігін айтты.

 

Гүлжан Инжелова,

Атырау

Яндекс.Метрика