Home » Атырауский обком » Коммунист хатшылары бас қосты

Коммунист хатшылары бас қосты

Жазғы маусым демалысына қарамастан Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің ұжымы жоспарларға қойылған жұмыстарды түгелдей атқарып келеді. Барлық облыс  аудандарындағы партияларға берілген тапсырмалар орындалуда. Мәселен, «Коммунистік Қазақстан» газетіне аудан және қала тұрғындары жазылып, газет оқырмандарының саны көбеюде. Және партияға өз еркімен мүше болуға ниет білдірген жаңа идеяларды қолдаған  халық арасында жазылып жатырған тұрғындар саны артылып келеді. Аудан хатшылары берілген партия жұмыстарындағы тапсырмаларды жаңа идеяларды іске асырып, толықтай атқарып жатырғандықтарын айтты.

Бұған дәлел  бүгін Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Ғұсманұлы Даулетқазиев аудандағы партия хатшыларының түгелдей басын қосып жиналыс өткізді. Жиналыс үстінде жасалып жатырған жұмыстардың қорытындысын талап етті. Әрбір ауданға берілген тапсырмалар оңтайлы орындалып жатырғанын соған жақсы көзқарас танытып ой-пікірін білдірді. Және алдағы уақытта партияның жоспарларында белгіленген жұмыстарға бірлесе қатысуларын сұрады.  Жиналыс барысында газетке жазылу, партия қатарына жаңа құрамдар қосуларын ескертуге салды. Келе жатырған білім күніне арналған  идеяларын ортаға салып әр ауданда осы мерекеге орай шара ұйымдастырылу керектігін айтты.

Жиналыс барысында аудан  хатшылары пікірлерін ортаға салумен болды. Жылай ауданың бірінші хатшысы  Әсем Тәукенова партиядан берілген тапсырмаларды уақытымен орындап отырамын. Ауыл арасында жиналыстар жиі өткізіп партия мақсатын насихаттап келеміз. Біздің партияға келуші ауыл адамдары мұң-мұқтаждарын айтып келеді. Қолымыздан келгенше көмек беруге тырысамыз. Бұл партияға қызығушылық танытып, өз ниеттерімен жазылып жатырған ауыл тұрғындар саны да көбейіп келе жатырғандығы бізді қуантып отыр.

Мақат ауданының бірінші хатшысы Сапи Саршаев партияға мүшелікке жастар қатары бірлесіп  келіп жазылып жатыр. Мәжілісте жеңіп шыққанымыздың арқасы болар қазір аудан тұрғындары партиямызға деген көз қарастарын өзгертіп, әрбір өткізіп келе жатырған жиналыстарға қатысып, ой пікірлерін ауыл шаруашылығындағы проблемаларды, тұрмыс жағдайларын ортаға салып айтып кеткендерде жетеді. Бұл проблемаларды шешуге  бар күш жігерімізді аямаймыз.

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің Тергеу-тексеру комиссиясының төрағасы Жәукен Көшенов, аудан хатшылары жиналған жиналыста бастан аяқ қатысып отырды. Ортаға  өз ой-пікірін де салды.

Гүлжан Инжелова


Атырау қаласы

Яндекс.Метрика