Home » Атырауский обком » Коммунистер өңірлік аттестаттау комиссия құрамында

Коммунистер өңірлік аттестаттау комиссия құрамында

Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кезектен тыс аттестаттауын жүргізу туралы» 2012 жылғы 8 сәуірдегі №292 жарлығын іске асыру шеңберінде, Өңірлік аттестаттау комиссияларының құрамы, ҚР Премьер-министрі К.Қ Мәсімовпен келісіліп, Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 403 бұйрығымен бекітілген еді.

Осы бұйрықпен, Өңірлік аттестаттау комиссиясының жұмысына бақылаушы ретінде, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің екінші хатшысы Жұмажан Серікбайұлы Үмбетжанов тағайындалып қатысқан болатын.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы бекіткен Өңірлік аттестаттау комиссияларының жұмыс  кестесіне сәйкес, осы комиссияның отырысы 14 тамыз күні Атырау облысы бойынша Кедендік  бақылау департаментінің әкімшілік ғимаратында өтті. Нәтижесінде Кедендік бақылау Департаментінің 23 қызметкері аттестациядан өтіп, оның 2 қызметкері лауазымына сәйкес емес деп танылып, қызметін төмендетуге ұсынылды. Төрт қызметкер лауазымына сәйкес және жоғары лауазымға лайықты деп танылды.

Жұмажан Үмбетжанов

Яндекс.Метрика