Home » "Коммунист Казахстана" » Коммунистердің конференциясы

Коммунистердің конференциясы

Үстіміздегі жылдың 26-мамыр күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің 2010 жылдың 27 қазан айынан бергі жұмыс қорытындысына есеп-сайлау конференциясы өтті.

Партияның бағдарламасы бойынша оның алдында тұрған негізі мақсаты-бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жергілікті тұрғындарға жақындата түсу, олардың әлеуметтік мәселелерімен танысып, мүмкіндігінше шешуге қол ұшын беру, жергілікті атқарушы органдарымен тығыз байланысты болып, партия беделін арттыру, бастауыш партия ұйымын көбейту, коммунистердің сан жағынан өсуі болып табылады.

Осы екі жылда істелген жұмыстарға қысқаша шолу жасап, өткен уақыт ішінде партия мүшелерінің саны 4227 жетсе, бастауыш партия ұйымының саны 229-ға жеткен.

Партия комитетінің құрамында 2 қалалық (Атырау, Құлсары), 6 аудандық комитеттері қызмет атқаруда.

Партия жарғысының бесінші бөлімі, 14 бабына сәйкес 4 пленум өткізілсе, 5-бөлім, 14 бап бойынша бюро Мәжілісі ай-сайын жүргізіліп, осы екі жылдың ішінде 2011 жылы президент, 2012 жылы мәжіліс сайлаулары өтуіне байланысты кезектен тыс VI-VII конференциялары өткізілді.

Партия құрылымы және ұйымдастырау жұмыстарының белгілі дәрежеде тиімді өткізілуіне байланысты коммунистердің белсенділігі сайлау науқаны мезгілінде 4,5 есеге артқан. 2011 жылы президент сайлауы кезінде облыс бойынша 1,42 пайызға жетсе, мәжіліс сайлауында 16 мыңнан аса сайлаушылар партияға дауыс берген. Яғни 7% жеткен. Республика бойынша 498,788 дауыс жинап, 7,19 пайыз алып, партия өкілдері мәжіліске өтуіне құқылы болған. Конференция барысында осы уақыт ішінде атқарылған міндеттерді көптеген акциядардың жұмыстарын есепті баяндамасында қорытындылап, алдымызға қойған мақсат-міндеттерді орындауға Қазақстан халқының мүддесі үшін күресті бірігіп, жеңіп шығуымызға үлкен табыстарға жететінімізге сенімім мол,- дейді Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Көшенов.

Шара барысында конференцияның жұмыс кестесі ұсынылды. Баяндамашыларға 5-7 минут берілді.

Конференция жұмыс уақыты бірауыздан бекітіліп, Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы Атырау облыстық ұйымының конференциясында сайланған делегеттар өз пікірлерін білдірді. Осы конференцияға арнайы келген кеш қонақтарының бірі Орталық комитетінің хатшысы, мәжіліс депутаты Кенжин Төлеш Әукебайұлы сөз алып, атқарылған істерге жоғары баға беріп, ізгі тілектерін білдірді. Содай кейін «Руханият» партиясының қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Ғаржауов Құдабай Мұхамедұлы өзінің партияға деген көзқарасын және қанағаттанарлық бағасын берді. Партияның алдында қойған жұмыстарына сәттілік тіледі. Конференция соңында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау комитетінің жаңа құрамы сайланды. Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып, Ерболат Ғұсманұлы Даулетқазиев сайланса, екінші хатшысы Жұмажан

Серікбайұлы Үмбетжанов, ал үшінші хатшысы болып Элеонора Құспанғалиқызы Жұмағазы сайланды.

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

Яндекс.Метрика