Home » Кызылординский обком, Партийная жизнь » Коммунистердің мерекедегі бас қосуы

Коммунистердің мерекедегі бас қосуы

Қазақ елі өте бауырмал, қонақжай халық. Әсіресе өз жақындарынан еш уақытта ештенесін аянып қалмағандығы белгілі. Мерекелерді отбасымен, жақындарымен, жора-жолдастарымен бірге қарсы алып, әрдайым қуаныштарымен бөлісіп отырған. Сол ескі әдетпен жаңа жыл қарсаңында ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті бүкіл обком, райком мүшелері және партия ардагерлері үшін Жаңа жылдық дастархан жайды. ҚКХП Қызылорда обкомының І-ші хатшысы Досаев Жұмабек құттықтау сөз сөйлеп, сыйлықтар мен құттықтау хаттарын табыс етті. Сондай ақ Байқоңыр қалалық комитет арқылы партия қатарына тартылған бірқатар азаматтарға, Қызылорда қаласының белсенді мүшелеріне партия билеттері және төс белгілері салтанатты түрде табыс етілді. Кеш барысында түрлі тілектер айтылып, әндер шырқалды. Сонымен қатар бір жылғы жасалған жұмыстар қорытындыланып, жақсы жұмыс жасаған аудандық, қалалық комитеттерінің хатшылары марапатталды. Жаңа жылда жаңа табысқа жете берейік, жұмыла жасап отырған жұмысымыздың нәтижесін көрейік, жемісін көрейік деген тілектер күні бойы айтылды. Жалпы жақсы тілектер өте көп болды. Ендігі алдағы жаңа 2013 жылдан күтер үмітіміз зор. Ел болып, біз болып, сіз болып ортақ үйіміз Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянып қалмай еңбек етейік, ағайын!

 

 

ҚКХП Қызылорда обкомының

баспасөз хатшысы М. Жүнісова

Яндекс.Метрика