Home » Кызылординский обком » Компартияның Қызылордадағы штабына ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының бақылаушылары келді

Компартияның Қызылордадағы штабына ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының бақылаушылары келді

Сыр еліне желтоқсанның 23 күні жеткен Бо Гулак Флиндт пен Алексанру Симионовты облыстық штаб жетекшісі Жұмабек Досаев қарсы алып, партияның саяси додаға дайындығы мен сайлауалды үгіт-насихаты туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұнымен қоса, миссия өкілдеріне үгіт-насихат науқаны аудандарда да қызып тұрғаны және қызылордалық коммунистердің саяси додаға сақадай сай екендігі жеткізілді. Облыстан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығынан Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері Айман Мыханова үмітті. Ал, аудандық маслихат депутаттығы үшін Марат Жулдасбаев, Шамсутдин Өксікбаев және Ақшагүл Махатова бақ сынайды. Мәртебелі меймандар коммунистер көсемі Ленин туралы сұрады. Бүгінгі қазақстандық коммунистердің күн көсемі ұранына қаншалықты берік екені де қызықтырды. Жұмабек Досаев Пионерлер саябағындағы Ленин ескерткішін компартияның облыстық комитеті өз қамқорлығына алғанын, биыл жаңартып, саябақта сенбілік жасалатынын жеткізді. Миссия өкілдер толыққанды жауап алғандарын айтып, алғыстарын білдірді. Саяси сында коммунистерге сәттілік жолдас болсын деп тіледі.

ҚКХП Қызылорда комитетінің баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика