Home » Кызылординский обком, Партийная жизнь » Комсомол күніне орай өткізілген шахмат жарысы

Комсомол күніне орай өткізілген шахмат жарысы

Үстіміздегі жылдың қазан айының 29-шы жұлдызында комсолмол күні мерекесіне орай Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті. Ойын барысы өте тартымды да қызықты болды. Ешқайсысы бір-біріне дес берер емес. Бұрыннан өзінара таныс болып келген ойыншылар кездесу барысында қарсыластарына жылы қабақ танытып, әңгімелесе отырды. Қазақ елі өздерінің қонақжайлығымен және сыйластығымен талай танылып жүрген елміз ғой, қатысушылардың аралары бір-екі жас қана болса да бір-біріне Сіздесіп, сыйластық білдіре отырды, тіпті менен жеңіліс болсын деп те сыйлап жатты. Бірақ, ойынның аты ойын, бұл жерде тек мықтылар ғана озып шығады емес пе? Сонымен, барлығы қатысқан 14 адам арасынан жүйріктер алға озып шықты. Олар: жүлделі І-ші орынды иемденген Маханов Алдаберген, ІІ-ші орын иегері Ешниязов Алмас және жүлделі ІІІ-ші орын Оспанов Шәймерденге бұйырды. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен мадақтама қағаздары, алғыс хаттар табыс етілді. Тағы да сол қонақжайлылық мінезімізбен дастархан жайылды. Барлығы дән риза, облысымыздың І-ші хатшысы Досаев Жұмабек ағайымызға алғыстарын білдіруде. Осындай қызықты кездесу өткізіп, қосылмай жүрген бастарын бүгінгі іс-шарада қосқанына алғыстары шексіз. Бұрынғы пионер, комсомол болған күндерін еске алып, сол кездегі бақытты шақтарын айта отырды. Бұл кісілердің әңгімесі бәрінен де мына біздерге, жастарға қатты әсер берді. Олардың бастарынан өткен күндері біздер үшін өткен ғасыр еншісі. Тіпті тарих десек те болады. Тарихымызды білу, әсіресе үлкендеріміздің өз ауыздарынан есту біз үшін бір ғанибет сынды. Сонымен, ұйымдастырушылар да қатысушылар да бір көңіл көтеріп, ризашылықтарын білдірді.

Жиылған жұрт алдымыздағы жоспарларымызды сұрап, қызуғышылық білдіре отырды. Партияның жасалып жатқан жұмыстары жайлы біліп, «Коммунист Казахстана» газетін жиі алып тұруларына мүмкіншілік жасауын сұрады. Тағы да осындай қызықты кездесулер өткізіліп тұрса игі деген тілекпен қонақтарымыз тарқасты.

 

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

Қызылорда облыстық комитетінің баспасөз хатшысы

Жүнісова Майра

Фото автордыкі.

Яндекс.Метрика