Home » Кызылординский обком » Конституция – мемлекеттілік негіздерінің басты құжаты

Конституция – мемлекеттілік негіздерінің басты құжаты

Үстіміздегі жылдың тамыз айының  28-ші жұлдызында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция – мемлекеттілік негіздерінің басты құжаты» атты конференциясы болып өтті. Жиынға Қызылорда облысының әкімдігі, құқық қорғау органдары, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, ҮЕҰ, саяси партиялар, этно-мәдени бірлестіктер, діни бірлестікткер, жастар ұйымдарының өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты. Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының бастығы Жалиев Нұрхан Бұқарбайұлы кіріспе сөз сөйледі. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры, профессор Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы – «Конституцияның Қазақстандағы тәуелсіз мемлекеттілікті дамытудағы әлуеті» атты баяндамасымен, Қызылорда облыстық сотының судьясы – Жуынтаева Светлана Нағашыбайқызы – «ҚР сот құрылысы мен судьялар мәртебесі» атты баяндамасымен және Қызылорда облысы прокурорының көмекшісі-оқу орталығының басшысы – Ерәділова Арайлым Берікқызы – «Қазақстан республикасында прокуратура органдарының конституциялық негіздері және қадағалау функцияларын жетілдіру болашағы» атты баяндамасымен ортаға шықты. Жиын соңында қатысушыларға сөз беріліп, Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан ІІ-хатшысы Опабекұлы Жүрсін, Этно-мәдени бірлестіктердің атынан облыстық кәрістер ассоциациясының президенті Ким Елена Алексеевна және тағы басқалары өз пікірлерімен бөлісті.

 

Қазақстан Коммунистік Халық партисының

Қызылорда облыстық комитеті

Майра Жунусова

 

 

 

Яндекс.Метрика