Home » "Коммунист Казахстана" » Кызылорда

Кызылорда

Жаз мезгілінің алғаш күнімен тепе-тең келген балалар мерекесі бүкіл республика көлемінде тойлануда. Кішкентай достарымызды құттықтауға барлығы асығуда. Болмашы нәрсеге ризашылық білдіріп, қуанатын және сол қуанышын жасыра білмейтін де балалар. Ендеше, олардың жанарынан қуаныш пен бақыт көруге неге талпынбасқа?  1 маусым Балаларды қорғау күніне байланысты Қазақстан Коммунистік Халық партиясы мүшелері Қызылорда қаласының  №1 Макаренко атындағы балалар үйінде  құттықтау сөз сөйлеп, сыйлықтарын табыстады. Жасөспірімдерге жарқын күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған азаматтарымызды олардың болашағы толғандыратыны қуанарлық жай. Бақытты балалық шақ адамзат өмірінің қиындыққа толы, ұзақ өмірлік жолында таптырмас қазына. Болашағымыздың жарқын болуы осы өсіп келе жатқан жаңа ұрпақтың қолында. Ал, олардың бақытты болып өсуі біздің міндетіміз!

Яндекс.Метрика