Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » ҚАҺАРЛЫ ФЕЛИКС

ҚАҺАРЛЫ ФЕЛИКС

29 қыркүйек күні ҚКХП Алматы ҚК «Цикл бесед» жобасы аясында Ф.Э. Дзержинскийдің өмірі мен саяси қызметін талқылауға арналған кездесу өткізді.

Дзержинский

Феликс Дзержинский – революцияның сенімді серігі, белгілі мемлекеттік және саяси қайраткер ретінде кеңес тарихының белді тұлғасы.

Бұл жолы Алматының халық коммунистері дәстүрлі форматтан ауытқып, баяндамалардың орнына Дзержинский туралы деректі-көркем фильм көруді жөн санады. Феликс Дзержинский 11 қыркүйек 1877 жылы Виленск губерниясында (қазіргі таңда Белоруссияның Минск облысы) орналасқан Дзержино қожалығында дүниеге келген. Оның ата-аналары білімді әрі зиялы адамдар болған. Әкесі – поляк дворяны, гимназияда мұғалім және кеңесші болып қызмет жасаған. Ал анасы профессордың қызы болған. 1895 жылы Феликс Дзержинский социал-демократ үйірмесіне кірген, осы жерде ол белсенді революциялық үндеу жүргізе бастаған. Бұл ісі үшін ол 1897 жылы қамауға алынады, кейін Нолинскқа жер аударылады. Бұл жерде де үндеуін жалғастырғаны үшін Дзержинский Кай селосына аударылады. Ол жақтан революционер Литваға қашады, кейін Польшаға.

1899 жылы Феликс Дзержинский Варшавада Ресей социал-демократиялық партиясын құрады, сол үшін қамауға алынып, Сібірге жер аударылады. Бірақ ол бұл жерден де қашып кетеді. Шетелде жүріп ол Владимир Лениннің «Искра» газетімен танысады.

1917 жылғы ақпан революциясы Дзержинскийдің революциялық жолындағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Мәскеу большевиктер комитетіне қабылданған революционер барлық большевиктер партиясын қарулы көтеріліске үндейді.  Оның талпынысын партияның ОК отырысында Ленин жоғары бағалайды. Сөйтіп Феликс Эдмундович Әскери-революциялық орталықтың мүшесі болып сайланады. Нәтижесінде ол қазан революциясын ұйымдастырушыларының бірі болады.

1917 жылдың желтоқсан айында РКФСР Халық комиссарларының Кеңесінде контрреволюцияға қарсы Жалпыресейлік төтенше комиссия құру шешімі қабылданады. ЖТК «пролетариат диктатурасының» органына айналып, жаңа билікке қарсы тұрушылармен күреседі. Ұйым құрамына Феликс Дзержинскийдің басшылығымен 23 «чекист» кіреді, олар жұмысшылар мен шаруалардың жаңа билігін контрреволюционерлерден қорғаған.

Сонымен қатар Феликс Дзержинский үздіксіз дәрі-дәрмек жеткізілімін ұйымдастыру арқылы сүзек дертінен елді қорғауға дәрігерлерге белсенді көмек көрсеткен. ЖТК басшысы Ресейдің жас ұрпағын құтқаруға да атсалысқан – ол жергілікті жерлерде байлардан тартып алынған үйлерден  жүздеген коммуна мен балалар үйін ұйымдастыратын Балалар комиссиясын басқарды.

1922 жылы ЖТК басшысы қызметімен қатар Дзержинский ІІХК жанындағы Басты Саяси Басқарманы басқарды. Ол кеңес мемлекетінің жаңа экономикалық саясатын құруға да етене араласқан. Бас чекистің бастамасымен елде шетел инвестициялары тартылатын  акционерлік қоғамдар мен кәсіпорындар ұйымдастырылған. 1924 жылы Ф.Дзержинский КСРО Жоғарғы халық шаруашылығының басшысы болып тағайындалған. Бұл қызметте революционер елдің социалистік қайта құрылуымен күрескен. Ол – жеке сауданың дамуын қолдағандардың бірі. Сондай-ақ «темір Феликс» республикадағы металлургия саласының дамуына үлкен мән берген. Бұған қоса Дзержинский солшыл оппозициямен күрескен, себебі оппозиция партияның бірлігі мен Жаңа экономикалық саясат жүргізуге қауіп төндірген.

Осылайша, Феликс Дзержинский есімі тарихта мәңгілік еңбеккер ретінде қалған. Ол өте қарапайым және әділетті адам болған. Сонымен қатар ЖТК басшысы қиянатқа бармайтын, қайсар және талапшыл адам деген атаққа ие болған. Феликс Дзержинский 1926 жылдың 20 шілдесінде ОК пленумында КСРО-ның экономикасына арналған баяндама оқып тұрған кезде көз жұмған.

Кинотуындыдан кейін коммунистер фильм туралы ой бөлісті.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА   

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика