Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » Ақындар, асыл жандар

Ақындар, асыл жандар

30 қаңтар күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінде «Цикл Встреч» жобасы аясында «По зову сердца» жинағының авторлары «Родина» клубының ақындарымен кездесу өтті.

ВСТРЕЧА ПОЭТЫ_n

ҚКХП Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде «Родина» ақындар  клубының мүшелері, «По зову сердца»  жинағының авторлары Носуленко Валентина Ивановна,Алехина Клара Тихоновна, Сладкова Эмилия Михайловна, Крылова Татьяна Михайловна, Игнатченко Раиса Федоровна және басқалары жиналды.

Вячеслав АРТЕМЬЕВ, ҚКХП АҚК Ардагерлер кеңесінің төрағасы кештің алғы сөзін сөйледі: – Біздің құрметті авторларымыз жастары ұлғайған шақта шығармашылықпен айналысып жүр. Сонысымен де олардың шығармалары құнды, себебі барлық өмірлік тәжірибе жинақталған. Бұл – кемел, дана поэзия. Біз бүгін олардың шығармашылығымен етене танысып, өлеңдерін тыңдап-талдаймыз.

Ақындар ҚКХП белсенділері мен мүшелеріне жаңа өлең жинақтарының таныстырылымын жасады. Кейбір ақындардың шығармалары сайтеstihi.ru. сайтында жарияланады. Ол жерде Носуленко Валентинаның өлеңдері үлкен танымалдылыққа ие екен. Ақынның өлеңдерін шамамен 17 мың оқырман оқиды. Ақын өлеңмен қоса балаларға ертегілер жазады.

  • Өлең – менің өмірім. Олар маған екінші өмір сыйлады. Мен өлең жазып қана қоймаймын, сонымен қатар «Открытие или Смерть в отражении» атты детективті романым бар,- деп әңгімелеп берді Валентина Ивановна.

В.Носуленко 700 шығарманың авторы. “Слова рождаются в тиши”, “Стихи и сказки для детей” жинақтары да осы кісінің туындылары. Ол «Бабушкины сказки» сайысындағы «Связь поколений» жобасының жеңімпазы. Ақынның өлеңдері журналдар мен газеттерде, әсіресе «Казачьи курьер» мен «Поэт 2014 года» альманахында жарияланып тұрады.

Ақын Игнатченко Раиса да өзі және шығармашылығы туралы айтып берді: – Мен Қазақстанның түкпір-түкпірінде болдым. Автокөлік жолдары жүйесінде жұмыс жасадым. Қазір зейнеткерліктемін, балалар өлеңдері мен әңгімелерін жазамын. Өзім сияқты балалар авторымен бірлесе балаларға арналған жинақ шығарғым келеді. Себебі бір өзіме типографиялық қызмет қымбатқа шығып тұр. Ал елімізде балалар әдебиеті өте тапшы.

Отырыс барысында азаматтық патриотизм, Отан мен отбасыға деген сүйіспеншілік туралы өлеңдерін Алехина Клара Тихоновна, Сладкова Эмилия Михайловна, Крылова Татьяна Михайловна оқып берді. Келесі кездесуде ақындар коммунистер туралы шығармаларын таныстыруға уәде берді.

Кездесуге Новосибир қаласынан журналист Половинкин Иван Николаевич қатысты. Ол ақындардың шығармашылығын өте жоғары бағалады.

Кездесу соңында ҚКХП АҚК екінші хатшысы Лейла Төлеуғалиева авторларды жаңа жинақтың жарыққа шығуымен құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.

Ақындар өз кезегінде ҚКХП Алматы қалалық комитетіне ұйымдастырылған кеш үшін алғыстарын білдірді.

Рәзия Әбдіқадырова

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники